Жарнама
Жаңалықтар

Зияткерлік сайыс партия мүшелерін біріктірді

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде партия мүшелері арасында 15 команда қатысқан «AMANAT QUIZ» атты интеллектуалдық сайыс өтті.

Зияткерлік дода партия мүшелерінің саяси сауаттылығын арттыруды, ұйымшылдық пен серіктестік қарым-қатынасты нығайтуды, сондай-ақ партия мүшелерінің бірлігін күшейтіп, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруды мақсат етті.

Сайыс барысында қатысушылар елдің тарихы, мемлекеттік саясат, «AMANAT» партиясының бағдарламалық құжаттары мен жобаларына қатысты түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар мәдениет, спорт, өнер және логикалық ойлауға бағытталған сұрақтар қамтылды.

Іс-шараны ашқан «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай форматтағы ойындардың партия мүшелерінің білімін шыңдап, олардың саяси белсенділігін арттырудағы маңызын атап өтті.

Жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларға ұйымдастырушылардың атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Мәлике МӘЛІК

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button