Журналистер – байқау жеңімпазы

журналистер Жаңалықтар

Жыл басында жарияланған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқаудың қорытынды шарасы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өтті.

журналистер

Аталған аймақтық байқау биыл бірінші рет өткізіліп отыр. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім басшысы  Мәншүк Мұханбетқалиеваның айтуынша, бұл шығармашылық бәйге енді жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады.

«Үздік мақала» аталымында «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі  Надежда Шильман және «Үздік телеарна бағдарламасы» жүлдесімен «Қазақстан-Атырау» телеарнасының редакторы Шолпан Сисенәлиева марапатталды. Ал, «Үздік сайт мақаласы» жүлдесі «Атырау» газетінің журналисі Нұргүл Ысмағұловаға берілді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын насихаттап, ақпараттандыруға үлес қосып жүрген әріптестеріміз Гүлжан Әмірова, Айгүл Ертілеу және Рита Өтеуғали Алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мәлике Мәлік

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз