Жолаушыларды кім тасымалдайды?

ostanovka avtobus po grafiku Жаңалықтар

«Смарт Атырау» мекемесінің тапсырысы бойынша Атырау қалалық әкімдігімен 22 миллион теңгеге қоғамдық көлік қозғалысын дамытудың 2017-2022 жылдарға арналған тұжырымдамасы жасақталған болатын.  

«Умная»-остановка-автобус-по-графику

Облыс орталығындағы бірнеше автобус маршруттары өзгеріп, біраз қысқарды. Есесіне, бұрынғы 24 маршрут тағы да 13 (қарапайым және экспресс) түрімен толықты. Сөйтіп, барлығы 37-ні құрады. Қаланың орталық көшелерін тасымалмен қамту және тұрғындардың жүріп-тұруын жақсарту үшін алты логистикалық орталық ашу жоспарланған.

Тұжырымдамада көрсетілген міндеттер алдағы бес жыл ішінде кезең-кезеңімен іске асады деп жобаланып отыр. Ал, аталған логистикалық орталықтар ашылмайынша, тұжырымдама іске қосылмайды. Осы ретте тасымалдаушыларды мазалайтын бірнеше сауалдар да бар. Біріншіден, жыл басынан бастап  жолаушылар тасымалына нақты қандай өзгерістер енгізіледі? Екіншіден, бұл бағытта тағы не күтуге болады? Осы мәселелерді көтеріп, қала әкімдігіне бірнеше рет хабарласып көрген едік. Бірақ, нақты жауап ала алмадық. Сондықтан, облыстық «Атырау»  газеті арқылы тиісті органдар жауап берсе екен дейміз.

Жасұлан БИСЕНОВ,

«Атырау қаласының жолаушылар тасымалы ассоциациясының» төрағасы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз