Жол бөлісе алмаған жүргізуші тапаншадан оқ атты (+ВИДЕО)

127290 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/12 наурыз, 2020 жыл. Алматы қалалық полициясы жолды бөлісе алмай, дүрдараз болған екі көліктегі бірінің тапанша қолдануына қатысты тексеру жүріп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл оқиғаның видеосы алдымен желіде жарияланды.

Бүгін таңертеңгі сағат 07: 40 шамасында жолды бөлісе алмаған Шевроле жүргізушісі алдымен тапаншаны бізге кезенді, бірақ одан қашып кеткенімізбен, ол бізді алдымыздан күтіп алды, сөйтіп ақыры көлікке қарай оқ атты, – делінген желіге жүктелген видео мен сурет астындағы жазбада.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты түсінік берді.

Қазіргі уақытта бұл факті Алмалы ауданының полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни «Бұзақылық» бойынша тергеліп жатыр. 1983 жылы туылған К. деген азамат жолдағы кикілжің кезінде дабыл тапаншасынан ауаға оқ атқаны анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы өндіріс кезінде анықталады, деп хабарлады ведомствадағылар.

Аман ШАМАР

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-oblysyna-%d2%9barasty-eki-auylda-karantin-zhariyalanuy-m%d2%afmkin/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз