Жерде магниттік дауыл басталды

m Жаңалықтар

14 наурызда Жер бетінде өмір сүретін тіршілік иелеріне әсер ететін магниттік дауыл басталды. Магнитосфера қозғалысы 17 наурызға дейін жалғасады.

м

Бұған дейін рентгендік күн астрономия зертханасы мамандары магниттік дауыл 18 наурызда болатынын, алайда геомагниттік жағдайдың құбылуы 14 наурыздан басталатынын айтқан болатын.

Магниттік дауылдар аса қауіпті емес болғанмен, энергетика жүйесіндегі жұмыстардың аздаған уақыт тоқтап қалуына себепші болып, құстардың ұшу бағытына әсер етеді.

Магниттік дауыл көбінесе денсаулық жағдайы ауа райына байланысты өзгеретін, жүрек-қантамырлары жүйесі ауыратын адамдарға кері әсер етеді. Магниттік дауыл кезінде мұндай адамдардың басы айналып, жүрегі айнып немесе қан қысымы төмендеп кетуі мүмкін. Мұндай кезде ауыр жұмыс істеуден аулақ болу керек. Тіпті жеңіл күйзелістің өзі адам ағзасына кері әсер етеді, сондықтан магниттік дауыл болған күндері уайымдаудан, жаман ойлардан аулақ болу керек.

Еңлік Сұлтан

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз