Желі жаңарды, енді жарық үзілмей ме?

Screenshot 3 Жаңалықтар

Инвестициялық бағдарламаның басты мақсаты – тұтынушылардың электр энергиясына сұранысын қанағаттандыру, желілердің апатсыз және үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда өткен жылы қандай іс-шаралар атқарылды, қаралған қаражат қаншалықты игерілді?

Screenshot_3

«Атырау-Жарық» АҚ-ның вице-президенті Мейірбек Ғұбашевтің мәлімдеуінше, былтыр электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша Атырау қаласындағы ТП, КТП нысандарында орнатылған GPRS модемдері арқылы орталық серверге жеткізілетін ақпарат жеделдетілді. Бұл үшін «Альфа А 1140» көп функционалды есептегіштерінің көмегімен мәлімет беріп отыратын орта деңгейлі автоматтандырылған жүйе орнату қажеттілігі туындады. Бұдан бөлек, тұрмыстық мақсаттағы автоматтандырылған есептеу жүйесін құру бағытындағы жұмыстар жалғасын тапты. Бұл жүйе тұтынушыларға жіберілген энергия көлемін нақты әрі жедел анықтауға жол ашты. Сөйтіп, өткен жылы 432 дана «Альфа» көпфункционалды есептегіші, ТП, КТП нысандарының серверіне есептегіштерден мәліметтерді жеткізіп тұратын сонша GPRS модемі, тұрмыстық тұтынушылар үшін «Аспан» көп функционалды бір фазалы 2090 дана есептегіш және бір фазалы есептеу құрылғыларынан мәліметтерді жинақтап беруге арналған жалпы үйлік концентратор есептегішінің 34 данасы сатып алынып, қолданысқа енгізілген.

Сондай-ақ, 110 кВт-тық әуе электр желілері мен тозығы жеткен 0,4-10 кВт-тық желілер жаңғыртылып, «Қарсақ ПС – Құлсары ПС» Л-106, «Құлсары ПС – Қамыскөл ПС» Л-130 желілері, «Қамыскөл ПС – Комсомол ПС» Л-117 желісінің 1 сатысы (жалпы ұзындығы 105,5 шақырым) техникалық жаңғыртудан өткізілді. Желілердің қуаттылығын арттыру мақсатында бұған дейін қолданыста болған қимасы АС-95 шаршы миллиметр сымдар АС-240 ш/мм-лік сыммен алмастырылған. Соған байланысты тіреулердің саны көбейтіліпті.

Сонымен қатар, КСО-366 типті камералары мен ЩО-70 панельдерін қолдану кезінде 10/0,4 кВ тарату құрылғыларының коммутациялық қабілеті күшейтіліп, нәтиже-сінде қосарланған жалғамалар жойылып, тұтынушыларды электрмен сенімді жабдықтау мүмкіндігі молайды. Инвестициялық бағдарлама аясында жоспарланған жұмыстар биыл да жүйелі жалғасты. Қазір автоматтандырылған есептеу жүйесін дамыту, тұрмыстық тұтынушыларды есептегіштермен қамту, әуе желілері мен жарамсыз жүйелерді жаңғырту жұмыстарына баса назар аударылып отыр.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз