ЖЕҢІЛДІКТЕР САҚТАЛАДЫ

«Атырау» газетінің биылғы 22 желтоқсандағы 145-санында «Қоғамдық көлікте тегін жүреді» атты ҚазАқпарат хабары жарияланған болатын. Онда 2016 жылдан бастап Атырау облысында зейнеткерлердің қоғамдық көлікте тегін жүретіндігі айтылғанды.

 

Соған орай редакцияға хабарласушылар мәселенің мәнісін түсіндіруді өтінген. Бұл жөнінде Атырау қалалық әкімдігі жолаушылар көлігі, энергетика және байланыс секторының меңгерушісі Қуаныш Ибрагимов төмендегідей түсінік берді:

«Келесі жылдан бастап қалаішілік автобустарда жолақы  50 теңгеден 80 теңгеге өскенімен, бұрынғы жеңілдіктер сақталады. Яғни, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері, 1 және 2 топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектер, зағиптар мен саңыраулар қоғамдары мүшелері, сабақ кезінде мектеп оқушылары тегін жүреді. Ал, студенттер автобустарға толық бағасын төлегенімен, олардың жолақысының 50 пайызы бюджет арқылы өтеледі».

М.БАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз