Жарнама
Жаңалықтар

Жасөспірімдердің психологиялық саулығын сақтауға қалай көмектесуге болады?

Облыстық білім беру басқармасына қарасты психологиялық қолдау орталығының бастамасымен жасөспірімдер арасындағы психологиялық қауіп-қатерлердің алдын алу, аутодеструктивті мінез-құлықтың себептерін анықтау және салааралық ынтымақтастықты күшейту мақсатында «Кәсіби ынтымақтастық арқылы жасөспірімнің психологиялық саулығын сақтау жолдары» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Салааралық кәсіби платформа орнату, тәжірибе алмасу және жасөспірімдер психикасын сақтау бағытындағы нақты іс-шараларды белгілеу мақсатында өткізілген іс-шараға білім беру, медицина және психологиялық көмек көрсету салаларынан мамандар қатысты.
Психологиялық қолдау орталығының басшысы Шынар Төкенова «дөңгелек үстелдің» өзектілігі мен күтілетін нәтижелеріне тоқталды.
Басқосуда мамандар «Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық», «Дос болайық» және «KiVa» антибуллингтік бағдарламалары аясында мектептегі буллингті төмендету жолдары мен тиімді әдістері» бағытындағы қолға алынған іс-шаралар мен «Komek Stop Bullying» жүйесі арқылы балалар мен жасөспірімдерге шұғыл психологиялық қолдау көрсету желісінің жұмысы туралы айтты.
Сонымен қатар «Самға» жастар денсаулық орталығының мамандары жасөспірімдермен жұмыстағы күнделікті тәжірибе, эмоционалдық тұрақсыздықты анықтау әдістері және алғашқы медициналық — психологиялық көмек көрсету жолдарын ұсынды.
Ал «Психологиялық денсаулық орталығының» психолог-суицидологы В.Қарсақбаева суицидтің алдын алу бағытындағы әдістемелер мен дағдарыс жағдайындағы жұмыс ерекшеліктері туралы баяндама жасады.
Талқылау бөлімінде қатысушылар бірлескен әрекеттестік мүмкіндіктері, өзара бағытталған жұмыс механизмдері мен нақты кейстер төңірегінде пікір алмасты. Бұдан соң топтық жұмыс барысында жасөспірімдер психикалық саулығын сақтау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, алдағы кезеңге нақты ұсыныстар бекітілді.
«Дөңгелек үстел» нәтижесінде психологтар мен медицина қызметкерлері арасындағы кәсіби әріптестік нығайып, жасөспірімдердің психологиялық және эмоционалдық саулығын сақтау бағытында ортақ әрекеттер жүйеленеді деп күтілуде, — дейді Ш.Төкенова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button