Жарнама
Жаңалықтар

Жас инноваторлар жетістігі

UTEBAYEV UNIVERSITY «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының студенттері Алматы қаласында өткен Hackathon-2025 республикалық инновациялық байқауында үздік нәтиже көрсетіп, екінші орын иегері атанды. Бұл туралы аталған университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

940e617b 8a88 498a 8bb4 fc16247e003a

Hackathon-2025 — еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының студенттері арасында жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдерді дамытуға бағытталған маңызды ғылыми алаң. Биылғы дода Satbayev University базасында ұйымдастырылып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген талантты жастар мен жас ғалымдар өздерінің тың идеяларын таныстырды.

UTEBAYEV UNIVERSITY атынан қатысқан команда құрамында Нұрай Құмар, Альбина Болат және Райымбек Мақсотов болды. Команданың ғылыми жетекшісі — профессор ассистенті, PhD Гүлден Темірханова. Байқау барысында студенттер өздерінің ғылыми-инновациялық жобасын сәтті қорғап, сарапшылар мен қазылар алқасынан жоғары баға алды.

Нәтижесінде UTEBAYEV UNIVERSITY командасы екінші орынды жеңіп алып, 750 мың теңге көлеміндегі Hackathon 2025 сертификатымен марапатталды. Бұл жетістік университет студенттерінің жоғары ғылыми әлеуеті мен заманауи технологияларды тиімді қолдана білуін көрсетті.

— Бұл жетістік – студенттердің кәсіби білімін тәжірибемен ұштастырып, заманауи технологиялар мен инженерлік ойлауды игеруінің нақты нәтижесі. Мұндай жобалар жастардың шығармашылық қабілетін дамытып, ғылыми әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік береді, — деді Н.Нәдіров атындағы мұнайхимия инженериясы және экология институтының деканы Асылбек Қанбетов.

Айта кету керек, Hackathon 2025 байқауы — жас инноваторларға өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірегей платформа. Мұнда студенттер командамен жұмыс істеуді, жобалық ойлауды және нақты инженерлік есептерді шешуді үйренеді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button