Жарнама
Жаңалықтар

Жас дарындар Республика күніне тарту жасады

«Атырау» сауда-ойын сауық орталығында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік шараны «Sattilik» және «Stylemix» өнер мектептері бірлесіп ұйымдастырды.

4c182a63 121b 4709 9aa3 1c4ab11395cc

Концерт барысында жас өнерпаздар ел мерейін асыратын әсем әндер мен би нөмірлерін орындап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсіресе, «Sattilik» өнер мектебінің би ұжымы ұсынған заманауи және ұлттық нақыштағы билер көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

– Республика күні – елдің ең қастерлі мерекелерінің бірі. Біз бұл күнді ерекше шабытпен қарсы алдық. Мақсат – балалардың шығармашылық қабілетін танытып қана қоймай, өнер арқылы елге деген сүйіспеншілікті жеткізу, – дейді «Sattilik» өнер мектебінің хореографы Серік Елеубай.

93eaa70a f712 44b1 bff5 a6769746af65

Мерекелік іс-шара Атырау жұртшылығына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жас өнерпаздардың талантын паш еткен ерекше өнер думанына айналды.

c2b82c23 8958 4947 a677 7e9c8aa52b33

-Мұндай мерекелік концерттер балалар үшін аса қажет. Бір жағынан олар ең басты мерекемізді сезініп өссе, екінші жағынан өздерінің барып жүрген орталықтарымен бірге есеп береді, — дейді қала тұрғыны Венера Мұстафина.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button