Жарылғыш заттардан тазартып шықты (+ВИДЕО)

e98a6626 scaled БЕЙНЕЖАЗБА

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында сапер жауынгерлер оқу-жаттығу полигондарын жарылмаған снарядтар мен әскери жарылғыш заттардан толық тазартуды жүзеге асыруда.

https://youtu.be/X6rOoMbOF5Q

Атырау гарнизонының баспасөз қызметі хабарлағандай, Полигондарды жаңа оқу жылына дайындауға инженерлік бөлімшелер жұмылдырылған. Олар жеке қорғану құралдарымен, 0,6 метр тереңдіктегі жарылғыш заттарды табуға арналған заманауи мина детекторларымен, байланыс құралдарымен және жарылғыш заттарды тасымалдауға арналған арнайы көліктермен қамтамасыз етілген.

Іс-шара барысында барлығы 48 мың гектардан астам жер тазартылды. Бұл Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстарында орналасқан «Оймаша», «Бейнеу», «Есет батыр» және «Қаработан» полигондарының аумақтары.

«Тазарту жұмыстарының басты міндеті жарылмаған оқ-дәрілерді жою, ол оқ-дәрілері істен шыққан. Бұл жаттығу сабақтары үшін қауіпсіз жағдай жасау үшін қажет. Қауіпсіздік мақсатында барлық жарылғыш заттар детонация әдісімен табылған орнында жойылады», – деп түсіндірді әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы капитан Нұржан Сапарбеков.

Полигондарды тазарту бойынша жоспарланған іс-шаралар шеңберінде полигон техникасына, жауынгерлік дайындық топтарының жабдықтарына маусымдық қызмет көрсету, полигон периметрін қазу, ескерту белгілерімен жабдықтау бойынша жұмыстар да жүргізілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз