photo 344082

Жаңғыру жолына қадам басты

Жаңалықтар Тәуелсіздікке 30 жыл
49 / 100

Депутаттардың бұқарамен байланысы, көмек сұрап, түрлі мәселелермен билеуші партияға жүгінетіндерді қоғамдық қабылдаудың нәтижелері, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын қалыптастыру жолдары. Осы секілді мәселелер Атырау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы жиналысының кезекті отырысында кеңінен сөз болды.

Жи ы н т ө р а ғ а с ы , п а р т и я н ы ң облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының облыс бойынша орындалысы және аймақтық қоғамдық кеңестердің жұмыстарына тоқталды. Партия Жарғысына сәйкес партия филиалдарының сайланба – лы органдарының және бастауыш партия ұйымдары төрағаларының ө к і л е т т і к  м е р з і м і           а я қ т а л у ы н а  байланысты облыстық және аумақтық партия филиалдарының есеп беру-сайлау науқаны өткенін атаған Нұрлыбек Жұмахметұлы 3 кезеңде ұ й ы м д а с т ы р ы л ғ а н і с – ш а р а л а р қорытындысын жариялады. Жаңадан сайланған бастауыш партия ұйымдары төрағаларының ішінде әйелдердің үлесі 31,5%-ды, ал 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 22,2%-ды құрап, бастауыш партия ұйымдары төрағаларының құрамы ө т ке н ж ы л м е н с а л ы с т ы р ғ а н д а 21,3%-ға жаңартылғанын, әрбір бесінші төрағаның прайме – р и з ге қ ат ы су ш ы е ке н і н а й т т ы . А л , о бл ы с т ы қ п а рт и я ф и л и а л ы басшысының төрағалық етуімен өткен облыстық XXXIII есеп берусайлау конференциясының партия Орт а лық аппаратының жоғарғы бағасына ие болғанын жеткізді. – Елбасы: «Мәжілістегі партия фракциясымен ке зде суде біздің негізгі міндетіміз – барлық сайлауа лды уәделерімізді орындау ж ә н е с а й л ау ш ы л а рд ы ң с е н і м і н ақтау », – деп атап өтті. Бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына мониторинг жасауды қамтамасыз ету, партияның сайлауалды бағдарламалары мен Жол карталарын іске асыруды қоғамдық-саяси бақылау партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қатаң бақылауында. Бүгінгі күні жүйелі мониторингті ұйымдастыру үшін облыс бойынша 9 Жол картасы бекітілді және сайлауа лды бағдарлам а н ы ң н а қ т ы б а ғ ы т т а р ы н ы ң і с ке а с ы р ы л у ы н бақылау мақсатында 78 аймақтық және аумақтық қоғамдық кеңестер құрылды, – деді Нұрлыбек Ожаев.

О б л ы с т ы қ С а й л а у а л д ы бағдарламасына жүргізілген талдау нәтижесінде 128 іс-шараның 5-уі аяқталып, 98-і орындалу сатысында, 24-нің орындалу мерзімі болмаған және Атырау қалалық және аудандық с айлауалды бағдарламаларында көзделген 778 іс-шараның 50-і орындалып, 482-і орындалу сатысында, 236-ның орындалу мерзімі болмағаны айтылды. Кейбір іс-шараның орындалмау қаупі болғандықтан, тиісті а қ п а р а т ж е р г і л і к т і а т қ а р у ш ы органдарының басшыларына жолданыпты.

Қоғамдық кеңестер сайлауалды уәделердің орындалуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз етумен қатар, өткір әлеуметтік мәселелерді көтеріп, халық пен Үкімет арасындағы сенімді нығайтуды көздейді. «Елбасы тапсырмасына сәйкес партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынған инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды партияның символикаларымен брендтеу жұмыстары жүргізіледі. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынған әрбір нысанға жауапты мәслихат депутаттары – фракция мүшелері бекітілетін болады» деген жиын төрағасы жауапкершілікті күшейту қажеттігін баса атады. Осы ретте партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының облыс бойынша орындалысы және аймақтық қоғамдық кеңестердің жұмыстары бойынша «Nur Otan» парти – ясы Атырау облыстық филиалы жанындағы «Экология» аймақтық қ о ғ а м д ы қ ке ң е с і н і ң т ө р а ғ а с ы , облыстық мәслихаттың депута – ты Әлібек Семғалиев пен «Білім және ғылымды дамыту жөніндегі» а й м а қ т ы қ қ о ғ а м д ы қ ке ң е с і н і ң төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Саламат Идрисов баяндама жасап, атқарылған жұмыстармен қатар алдағы жоспарларды да жария етті. П а р т и я ө м і р і н д е г і жаңашылдықтың бірі – барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партия фракцияларының мүшелері – депутаттардың қоғамдық рейтингін қалыптастыру ережесі мен бағалау критерийлерінің енгізілуі. Елбасының тапсырмасына сәйкес депутаттардың жеке жауапкершілігін арттыру мақсатында, партияның Орталық аппараты депутаттардың қоғамдық рейтингісін қалыптастыру ережесі әзірленіп, депутаттардың қоғамдық қызметін баға лаудың 3 б л о к қ а т о п т а с т ы р ы л ғ а н 1 5 н а қ т ы к р и т е р и й і а й қ ы н д а л д ы . «Рейтингтің негізгі міндеттері – жеке жауапкершілікті арттыру, депутаттардың сайлауал – ды бағдарламаларын іске асыруға қ о с қ а н ү л е с і н б а ғ а л ау ж ә н е халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге қатысу. Негізгі принцип – бәсекелестік, айқындық және ашықтық» деген Нұрлыбек Ожаев жаңа жүйе билік пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа сая – си мәдениетін қалыптастыруға, депутаттардың жауапкершілігін арттыруға және «кері байланысты» жақсартуға жүйелік жағдайлар жасайтынын атады. Аталған ереженің негізгі талаптары, іске асырылу тетіктері туралы толық түсіндірген «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Арман Азаматов аталған рейтинг арнайы құрылған интернет-платформада онлайн режимде жүргізілетінін, тәулік бойы халыққа қолжетімді болатынын атады. Яғни, биылғы 1 қыркүйектен бастап іске асыру жоспарланған жаңа палтформада автоматты түрде депутаттардың ж ұ м ы с ы н б а ғ а л ау н ә т и ж е л е р і көрсетіледі. Жыл қорытындысында белсенділігі төмен депутаттардың мәселелері қаралып, қажеттілікке орай құрамды жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Биылғы 5 айда депутаттардың 214 қоғамдық қабылдауы өткізіліп, қаралған 607 өтініштің 50 пайызы оң шешімін тапқан.

Облыстық мәслихаттағы партия фракциясының мүшелері – депутаттардың қоғамдық қабылдау жұмыстары туралы есеп берген партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ақтолқын Ахметжанова келтірген деректер осындай. Жиын барысында сондай-ақ, « J a s O t a n » ж а с т а р қ а н ат ы н ы ң «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының облыс көлемінде орында лысын бақылау, мониторинг жүргізу бойынша жұмысты сапалы ұйымдастыру маңыздылығы айтылды. Жастар ресурстық орталығының директоры, «Жастарды қолдау» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Қадыров жас депутаттардың қызметін үйлестіру, олардың жұмыс сапасын арттыру және партияның сайлау алдындағы уәделерін орындау мақсатында Жас депутаттар корпусы құрылып, құрамына барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 24 жас депутат кіретінін атады.

Ф р а к ц и я о т ы р ы с ы с о ң ы н д а аталған мәселелердің қайсысының д а ө з е кт і е ке н д і г і н е то қ т а л ғ а н жиын төрағасы, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев партияның « Ж ау а п к е р ш і л і к , ж ұ д ы р ы қ т а й жұмылу және ортақ мұратмақсаттарға адалдық» сынды іргелі үш қағидасын тиімді жүзеге асырудың аса маңызды екенін айтып, белсенді жұмыс жасауға шақырды.

Гүлжан ӘМІРОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған