Жалғыз қазақстандықтың жарқын жеңісі

syrbaz 3 Жаңалықтар

Аtr.kz/24 сәуір, 2019 жыл. Түркия мемлекетінің Анталия қаласында еркін күрестен жастар арасында халықаралық жарыс өтті.

Осымен 22-ші мәрте ұйымдастырылған  «Champions»  турнирі әлемнің мықты деген балуандарының басын қосып, осы жарыста өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының сапында жалғыз Сырбаз Талғат қана қола медальге ие болып, ел мерейін асқақтатты.

SYRBAZ 2

65 келі салмақта сынға түскен Сырбаз алғашқы кездесуінде Румыния спортшысын 10:0 есебімен тізе бүктіріп, екінші белдесуінде жарыс қожайынын дәл сондай есеппен жеңді. Ал, жартылай  финалда жерлесіміз тағы бір түрік балуанымен иық түйістіріп, боз кілемдегі негізгі есеп  4:4 бола тұра, төрешілер әділетсіздік танытып, жеңісті жарыс қожайынының қанжығасына байлады. Ал, үшінші орын үшін күресте атыраулық саңлағымыз  Әзірбайжан  елінің ең үздік деген  балуанын 6:5 есебімен жеңді.

Сырбазды бұл жарысқа Аслан Жаманбаев, Нәсіпқали Каукенов сынды жаттықтырушылар дайындады.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Tal at a aj
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз