Жалған нөмір таққан көліктер тоқтатылды

2019 10 04 073603308700 Жаңалықтар

Жалған мемлекеттік нөмір таққан 24 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Облыс полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың нұсқауына сай, патрульдік полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды, атап айтқанда,   мемлекеттік  тіркеу белгілері жалған, қолдан жасалған көліктерді анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Геолог ықшам ауданында   Ресей мемлекетінен  әкелінген Toyota Camry автокөлігі тоқтатылды. Тексеріс кезінде, көліктің мемлекеттік нөмірі жалған екендігі анықталды. 24 жастағы жүргізушіге   ҚР ӘҚБтК  590 бабының 4 бөлімімен (көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бергілері бар көлік құралын басқарған) әкімшілік хаттама  толтырылып, жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды.

  • Жақында  сот шешімімен,  бұл азамат 1 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылды. Сондай-ақ, бұл баптың санкциясында 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу да көзделген,- деп атап өтті патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сарсенбаев.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері Атырау қаласында патрульдік полиция қызметкерлерімен жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрлерімен, сондай-ақ, мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiлерiнің  түрін өзгертетін, жасыратын құрылғылар мен материалдармен жабдықталған  көлiк құралдарын басқарған 24  жүргізуші анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз