«Жалған куәлік»…

o amdy k lik zh ne biz Жаңалықтар

Atr.kz/24 маусым, 2019 жыл. Газет редакциясына келіп тұратын қарт оқырманымыз Темірхан Жүнісов бұл жолы жұмыс каб и н е т і м і з г е көңілсіздеу кірді. Халжағдайын сұрадық. Әлденеге ренжулі ол «жағдай нашар болып тұр» дегені. Жайланып алған соң, мән-жайды айта бастады.

Сөйтсек, Атырау қаласының Атырау шағынауданында тұратын ағамыз 21 мамырда емханаға бару ниетімен жолға шығады. Аялдамада біраз уақыт тұрғанымен, күнделікті мінетін қалаішілік маршрут келе қоймайды. Мұндай жайт бұрын да кездесіпті. Ондай кезде сол аялдама арқылы өтетін кез келген қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын маршруттық автобустарға мінетін әдеті бар екен.

Бұл жолы күткен көлігі келмеген соң аялдамаға тоқтаған 614 HHA 06 нөмірлі «Алмалы – Дина базары» маршруттық автобусына мінеді. Әдетінше, жүргізушікондукторға (екі қызметті бір адам атқарып отыр) көлік құралдарында тегін жүруге рұқсат беретін «Тыл ардагері» деген құжатының көшірмесін ұсынады. Сол мезетте құжатқа бір, қарияға бір қараған әлгі жігіт: «Ағасы, бұл құжатыңыз жарамайды, ақша төлеңіз!» демесі бар ма? «Қарағым, қалықтап ұшатын ұшаққа тегін мінгізіп жүрген бұл қағаз неге жарамай қалды?» депті қартымыз.

Расымен де, бұл құжат арқылы қартымыз қаладағы ж о л а у ш ы л а р т а с и т ы н көліктерді айтпағанда, жылына бір рет ұшақпен тегін ұшу құқына ие еді. Әлгі жүргізуші: «Мынауыңыз оригинал емес. Оригинал қайда?» – деп жеки бастапты. Құнды құжат болған соң көздің қарашығындай сақтап жүрген қағазын көп қол сұға бермейтін төс қалтасына салып жүретін әдеті бар екен. Сол құжатты суырып көрсетіпті.

Қ ұ ж а т т ы қ о л ы н а ұстаған көлік жүргізушісі, әрлі-берлі қараған соң: «Мынауыңыз жалған куәлік қой. Мен ештеңе білмеймін, жолақысын төлеңіз!» деп безеріпті. Одан кейінгі айтқан түсіндірме-уәждердің біріне де құлақ аспай, жолдың жүру ақысын төлеуді табанды түрде талап етіпті.

Сексеннің сеңгірінен асқанда «сенімсіз» аталғанына налыған қария «құтырғаннан құтылған артық» дегендей, қадалған жерінен қан алмай қоймайтын мейірімсіз жас буынға амалсыз тиесілі ақысын беруге мәжбүр болыпты. Еңсесі езіле емханасына жетіпті. «Сөз сүйектен өтеді» демекші, әлгі жүргізушінің «жалған куәлік» деген сөзі өзегіне қадалып, өзөзін қалыпты сезіне алмапты. Іштегі шерін кімге айтарын білмей, редакцияға келіп отырғаны сол себепті екен.

…Сонда деймін-ау, мына заман не болып барады? Әлгіндейлердің азғантай тиынға бола егде адамға күдікпен қарап, негізсіз жала жабуға қалай дәті барады? Қазағым «қалған көңіл – шыққан жан» демеуші ме еді? Қарттың көңіліне кірбің салып, тапқан нәпақасы жұғынына жұқ бола ма? Адал бола ма? Қазаққа тән сыпайылық, үлкенді сыйлау деген тамаша әдеп қайда қалды?

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз