
Жаңалықтар
Жайық пен Қиғаштың сағалары 287 км тереңдетілді
Жайық және Қиғаш өзендерінің сағаларында балық жүретін арналардың таяздануы балықтың уылдырық шашатын жерлерге қоныс аударуына кедергі келтіреді.
–Су ресурстары және ирригация министрлігі Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп осы бағытта жұмыс жүргізуде. 2,1 млрд. теңге бөлінді. Бүгінде ұзындығы Жайық және Қиғаш өзендерінің сағаларын 287 км тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр, -деді ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


