ЖАҢА ЖЕЛІНІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ

«Қазақстан Темір Жолы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінен хабарланғанындай, 5 сәуір, жексенбі күні «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру бағдарламасы аясында «Алматы-1 –Шу» темір жол телімі екінші желісінің құрылысын жүргізу және электрлендіру жұмыстары басталды.

Осы оқиғаға орайластырылған салтанатты рәсімге ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты.

Айта кету керек, бұрыннан келе жатқан 306 шақырымға созылған темір жол желісінде пойыз қозғалысы жылдан-жылға тасқындай түсуде. Ендігі жерде жоғарыда аталған екінші темір жол желісін салу арқылы оның жылдық жүк өткізгіштік қабілеттілігі қазіргі 25 миллионнан 80 миллион тоннаға дейін артады. Сонымен қатар, жүк пойыздарының жолда жүру уақыты да екі есеге қысқарады.

Және бір мәлім болғаны, жобаны жүзеге асыру барысында 110 шақырымдық басты жол салынады. Оның бойында 92 инженерлік құрылыс нысаны, 22 темір жол көпірі мен екі жол өткелі салынады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз