ЖАҢА КӨЛІК ПРОКУРОРЫ

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың бұйрығымен Атырау көлік прокурорының қызметіне Құлмағамбет Берік Жұмажанұлы тағайындалды.

Б.Құлмағамбет 1981 жылы туған. Алматы облысы Қапшағай қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Астана қаласы «Сарыарқа» аудандық прокуратурасының сот қаулылары мен атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау бөлімінің басшысы, Астана қаласы прокуратурасының сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасы бөлімінің прокуроры, аға прокуроры болып қызмет еткен.

Одан кейінгі жылдары прокуратураның қылмыстық үрдісінің заңдылығын қадағалау бойынша басқарманың аға прокуроры, Астана қаласы. «Сарыарқа» ауданы прокурорының орынбасары, сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасының басшысы Астана қаласы прокуратура аппаратының басшысы, ҚР Бас прокуроры аппаратының ақпараттық-сараптамалық басқармасы Бас прокурорының аға көмекшісі лауазымдарында болған.

Өз тілшіміз. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз