ҮЗДІК КОЛЛЕДЖДІҢ КҮЗДІК СЫЙЫ

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының колледжінде «Берекелі де мерекелі алтын күз» тақырыбында байқау ұйымдастырылды. Айта кету керек, жуырда ғана  «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының маусымдық жұмысында белсенділік танытып, өлкеміздің көгалдануына өз үлесін қосқан колледж облыс бойынша «Ең үздік оқу орны» деп танылды.

 

Колледж директоры Абылай Досниязов шара шымылдығын ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Алдымен «Сәлем – сөздің атасы» бөлімінде әр жұп өздерін жыр шумақтары мен бейнебаян арқылы таныстырып өтті. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Ал, «Мамандығым – мақтанышым» деген бөлімде студенттер өздері оқып жатқан мамандықтың қыр-сырын шағын көріністер қою арқылы көрсетті.

«Сән үлгісі» кезеңінде қатысушылар күзгі маусымға арналған киім-кешектерді назарға ұсынды. 

Амандық АБДОЛ.

Суретті түсірген автор.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз