Өзара байланыс өрісті кеңейтеді

зара байланыс р¦ст¦ ке ейтед¦ Жаңалықтар

Кеше Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Рашад Маммадовты қабылдады.

__%d0%b7%d0%b0%d1%80%d0%b0-%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%bb%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d1%81-__%d1%80%c2%a6%d1%81%d1%82%c2%a6-%d0%ba%d0%b5__%d0%b5%d0%b9%d1%82%d0%b5%d0%b4%c2%a6

Аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы Тәуелсіздік жылдарында екіжақты қарым-қатынас орнағаннан кейін Қазақстан – Әзербайжан ынтымақтастығы мемлекетаралық деңгейде қарқынды дами түскенін баса айтты.

– Атырау облысы ел экономикасының күретамыры саналады. Инвесторларды тарту мақсатындағы Елбасының тапсырмаларын орындауға ұдайы жұмыстанып келеміз. Бұл кездесу Атырау облысы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамуына, тауар айналымының деңгейін арттыруға септігін тигізеді деп сенеміз, – деді облыс әкімі.

Статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында Атырау облысы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы тауар айналымы 9,4 миллион АҚШ долларын құраған.

– Әзербайжан Президентінің тапсырмасына сәйкес екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамытып, нығайту мақсатында Қазақстанның өңірлерінде үнемі болып келеміз. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының  кәсіпорындарын аралап, жергілікті кәсіпкерлермен кездестік. Сапарымыздың негізгі мақсаты – әзербайжандық өнімдерді, оның ішінде, ауыл шаруашылығы тауарларын Қазақстан нарығына шығару, біріккен кәсіпорындар ашу мүмкіндіктерін қарастыру, – деді елші.

Айгүл Ертілеу

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз