Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Заңсыз тасымалға тосқауыл

Елімізде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолаушылар тасымалы саласындағы заңсыздықтарды болдырмау мақсатында қазанның 10-12 күндері аралығында республикалық «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.


Іс-шара аясында Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Жол қозғалысы туралы» заң талаптарын бұзатын жайттардың алдын алуға күш салуда. Әсіресе, оң жақтан басқарылатын көліктермен және еліміздің аумағында тіркелмеген шетелдік автокөліктермен жолаушы тасымалдауға тыйым салу бағытындағы жұмыстар күшейтілді.
Атырау қалалық полиция басқармасы Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Өсер Жәңгірханның айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
– Заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын кейбір азаматтар көлік қауіпсіздігіне, техникалық жағдайына және өздерінің жүргізушілік жауапкершілігіне салғырт қарайды. Бұл өз кезегінде адам өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан әрбір жүргізуші өз ісінің салдарын ойлап, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы қажет, — дейді Өсер Жәңгірхан.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындауға және ең бастысы – жолаушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Өйткені әрбір жүргізуші қауіпсіздік белдігін тағудан бастап, жылдамдық режимін сақтау сынды қарапайым ережелердің өзі адам өмірін сақтайтынын естен шығармауы тиіс.


Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button