«Ыстамбұл – Атырау» бағытындағы арнайы рейсте кімдер болғаны белгілі болды

1572169998 news b COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/28 наурыз, 2020 жыл. Арнайы рейс бортында 63 жолаушы мен  6  экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

27 наурыз күні   Атырау  Халықаралық әуежайында   Ыстамбұл қаласынан арнайы рейс келіп қонды. Бортта  алты экипаж мүшесін қоса есептегенде 63 адам болған.

Коронавирус инфекциясы анықталған  1989 жылғы жолаушымен бірге өзге өңірлердің  тұрғындары да  ұшып келген.

Атап айтқанда, 57 жолаушының қатарында : Атырау облысының 30 тұрғыны , Көкшетау-3, Орал -7, Қостанай-2, Ақтөбе-3, Шымкент-5, Қызылорда-1, Нұр-Сұлтан-1, Қарағанды-1, Жамбыл облысының  – 2, Тараз -1, Ақтау қаласының  – 1 тұрғыны болған.

Қазіргі таңда  барлық 62 жолаушы карантинге жатқызылған. Олардан  коронавирустық инфекцияның бар-жоғы тексерілді, тест нәтижелері жуық арада жарияланатын болады.  Ал, инфекция анықталған  әйел №2  облыстық ауруханаға жатқызылды.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-koronavirusқa-shaldyққandar-14-kүn-em-alady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз