121581304 1071475249953807 7673250099387444079 n

Ыстамбұл, Анталия мен Амстердамнан келген жолаушылардан COVID-19 анықталмады

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/15 қазан, 2020 жыл. Атырауға шетелден келген жолаушылардың ешқайсысынан COVID-19 анықталған жоқ.

Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Атырауға 6-9 қазан аралығында шетелден 5 әуе рейісі ұшып келген. Ыстамбұл, Анталия және Амстердамнан жеткен ұшақтармен барлығы 493 адам келіпті. Олардың 67-сінде COVID-19 -ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантиндік стационарларға жатқызылған.

Алайда, барлық жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынып, зерттеу нәтижелері теріс болып, ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.⠀Сондай-ақ, қала, аудандар бойынша құрылған 114 мобильдік топ карантиндік талаптарды сақтау бойынша мониторинг жүргізіп, күнбе-күн рейд жұмыстарын күшейтті.

ҚР Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын орындау мақсатында 5 шілде мен 9 қазан аралығында мобильдік топ 1600 рейдтік тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 653 материал бойынша шағын және орта кәсіпкерлікке, ал жеке тұлғаларға қатысты 463 әкімшілік іс қозғалып, 66 млн 794 мың теңгеге айыппұл салынған.⠀

Атырау облысында кәсіпкерлік нысандарына карантиндік режимнен соң рұқсат беру үшін комиссия құрылған болатын.⠀Облыс бойынша, «InfoKazakhstan» порталы арқылы 9783 өтініш түссе, оның 8899 хабарламалық сипатта болса, 883 өтініш тексерілуде. 130 өтініш қанағаттандырылды. Күні бүгінге 9028 нысан өз жұмысын қайта жандандырды.

«Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған