Қызылқоға ауданында жолдар жөнделуде

7d797a8066389daebbd55f5c6dce0e3d XL Жаңалықтар

Қызылқоға ауданының Тасшағыл, Қызылқоға, Жамбыл елді мекендеріне кірме және ауылішілік жол салу жұмыстары қолға алынды.

7d797a8066389daebbd55f5c6dce0e3d_XL

Облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты тиімді игеріп, жол құрылысын сапалы жүргізу мақсатында «Атырауинжстрой» кәсіпорнының құрылысшылары Тасшағыл ауылына жақын жерге асфальт зауытын жайғастырды. Сөйтіп, бұрын тақтайдай тегіс жолды көрмеген ауылдарға екі-үш шақырымдық жол салып, көшелеріне жаяу жүргіншілер үшін тротуар төсеп беруді міндетіне алды.

Аудан орталығы Миялының көшелеріне жаяу жүргіншілер үшін өрнек тас төсеу жұмыстарына алты миллион теңге қаржы бөлінді.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ,

Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз