Владимир Розметовке Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді

2022 10 22 vladimir rozmetov scaled e1641886405445 Жаңалықтар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Исабеков Дулат – жазушы, Алматы қаласы

Розметов Владимир Фёдорович – «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС директоры», – делінген Жарлық мәтінінде .

Одан бөлек, ішкі істер органдарының ардагері Қайырбек Сүлейменовке «Халық қаһарманы» атағы берілді. 

«Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы – ішкі істер органдарының ардагері, Астана қаласы», – делінген Жарлық мәтінінде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз