ЖаңалықтарСаясат

Вице-премьер Атыраудағы ақпараттық-аналитикалық жүйелермен танысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары  Асқар Жұмағалиевке Атыраудағы ақпараттық-аналитикалық жүйелермен танысты. Елбасы Жолдауының орындалуы барысын талқылау үшін өңірге арнайы келген мейман аймақ басшысымен кездесті.

2018_10_18_img_3619-17-10-18-07-23

Өз сөзінде ол Жолдау жүктеген міндеттерге жекелей тоқталып, оларды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы баяндады. Вице-премьер жастардың назарын білім беру және инновацияларды дамыту саласындағы мүмкіндіктерге аударды. Сөйтіп, оларды мемлекет барынша қолайлы жағдай жасаған кезде мүмкіндікті мүлт жібермей, белсенді болуға шақырды.   Ал, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Президент тапсырмаларын орындау бағытында өңір тұрғындары бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтті.

Жұмыс сапары барысында Асқар Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған бірқатар жобалармен де танысты. Олардың арасында «Батыс транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Атырау қаласындағы және қала маңындағы ауылдық округ көшелерін «ақылды жарықтандыру» жобасы да бар. «Білім-инновация» лицейінде болған ол «EduPage» электронды журналы, сандық кітапхана, цифрлық білім беру ресурстары, сондай-ақ, оқу үдерісін цифрландыру шеңберінде жүргізілген жұмыстармен танысты.

20181017205236

2018_10_18_img_3625-17-10-18-07-23

Айта кету керек, облыстың орта білім беру мекемелерінде аталған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 12 облыстық колледж автоматтандырылған жүйеге қосылған. Келесі жылы «Қауіпсіз мектеп» жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Қазір 183 мектеп электронды журнал мен күнделік қосымшасын пайдаланады. Сол сияқты, 163 балабақша жолдама берудің автоматтандырылған жүйесіне ауысқан.

2018_10_18_050237533100

2018_10_18_img_3621-17-10-18-07-23

20181017205252

Бұдан кейін Асқар Жұмағалиев №3 қалалық емханаға барып, ақпараттық-аналитикалық жүйемен, емханалардағы электронды кезекпен, денсаулық сақтау секторын цифрландыру үдерісімен танысты. Мобильді қосымшаларға қолжетімділікті тексерді. Осы орайда, цифрландырудың медицина қызметкерлері мен ұйымдары арасында өзара ақпарат алмасуға жол ашып отырғанын атап өтті. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде облыстың 34 медициналық ұйымында 15 мыңнан астам адам мобильді қосымшаны қолданады. Сапар соңында Премьер-Министрдің орынбасары «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының бас кеңсесінде болып, пилоттық «Ғаламдық интеллектуалды алаң»  жобасын талқылауға қатысты.

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button