Велошеруде Испанияда өтетін гранд-тур жолдамасы аукционға қойылады

37840 6 sotni velosipedistov p ru Жаңалықтар

30 сәуір күні Атырауда алғаш рет өтетін «Charity Bike Ride Atyrau – 2018» қайырымдылық велошеруі аясында «Александр Винокуров атындағы спортты қолдау және дамыту» қоғамдық қоры аукцион өткізеді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

37840-6-sotni_velosipedistov_p_ru

Аукционда 1950 жылғы Stucchi Milano коллекциялық велосипеді, 2016 жылғы Specialized S-Works Venge – Рио-2016 олимпиадасына арналған арнайы велосипед, италиялық велошабандоз Фабио Аруға арнап құрастырылған Argon 18 Gallium Pro 2017, салмағы 5 келі болатын Vino Bike маркалы эксклюзивті велосипеді ойнатылады.

– Аукционның сыйлықтарының бірі – «Astana Pro Team» командасымен бірге баратын испаниялық «Вуэльта-2018» гран-турының соңғы кезеңіне жолдама. Турда жатын орын, тамақ барлығы тегін. Сондай-ақ, «Астана» командасымен бірге болуға үлкен мүмкіндік, – дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, 30 сәуір күні өтетін велошерудің қашықтығы 9 шақырымды құрайды. Қатысушылар Махамбет атындағы облыстық қазақ академиялық драма театрынан шеруді бастап Сұлтан Бейбарыс алаңына дейінгі мәре сызығын жүріп өтеді. Тіркеу уақыты – 8.00.

Велошеруге жас айырмашылығына қарамастан барлық қатысуға ниет білдірген барлық адам қатыса алады. Тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз