Ұстаздардың әлеуметтік жағдайы талқыланды

271365cb 165d 4362 83e7 445c38af820d Жаңалықтар

AMANAT партиясы Атырау қалалық филиалында қалалық мәслихат депутаты Айжан Сарсембаева, Саяси кеңес мүшесі Жаңылсын Кенжеғалиева онлайн форматта белсенді блогерлер және жастармен кездесу өткізді. Мақсат –​ білім саласы қызметкерлерін​ әлеуметтік​ қолдау бағытында пікір алмасу.

Онлайн-кездесу барысында қалалық мәслихат депутаты Айжан​ Сарсембаева жас​ мамандарға өздерінің еңбек жолындағы іс-тәжірбиелерімен және ақыл-кеңестерімен бөлісті.

“Жастар Рухы” жастар қанатының жетекшісі Әділет Сабитов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 4-курс студенті Гүлнәз Русланқызы және басқалары​ өз​ ұсыныстарын ортаға салды.

Нәтижесінде, бірнеше ұсыныс-пікірлер айтылып, қабылданды. Алдымен,​ инклюзивті оқу түрін енгізу, ерекше балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді мектепке жұмысқа алу өте маңызды. Екіншіден, мектептегі сынып жетекшілері мен​ білім ордасындағы​ кураторлар​ шәкірттермен еркін форматта сөйлесіп, тығыз​ қарым-қатынас орнатса деген ұсыныс айтылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз