«Үркер» ұлттық сыйлығының иегері «Atyraý Radiosy» тәулігіне 17 сағат хабар таратып отыр

123303072 690219215232931 2281416256338941151 o Жаңалықтар

«Қазақстан» РТРК» АҚ  Атырау облыстық филиалына қарасты  Atyraý Radiosy «Үркер» Ұлттық сыйлығына ие болды» деп хабарлайды atr.kz

Нұр-Сұлтан қаласында  баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер – 2020»  ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында 11 номинация  бойынша мәртебелі журналистика сыйлығының жеңімпаздары  анықталды.

Солардың арасында Атырау радиосының «Эфирде 102 FM» хабары  «Радиодағы үздік жоба» аталымы бойынша үздік деп танылды.

– Бағдарламаның ерекшелігі, ол радиомен қатар, телеэфирде де қатар жүріп отырады. Яғни,  «Эфирде 102 FM»  аталуы  да сондықтан. «Эфирде» сөзі телевизияны анықтап тұрса, «102 FM» сөзі радиотолқынды меңзеп тұр. Аптасына үш рет шығатын танымдық бұл хабарға өңірдің, сонымен бірге, еліміздің танымал тұлғалары мәдениет, өнер, руханият саласында сұхбат береді.

Бұл сұхбаттар   студияға келіп және  тікелей эфирде жүрді. Пандемия жағдайында карантин талаптары күшейтілген тұста да бұл бағдарлама тоқтап қалған жоқ. Zoom желісі арқылы онлайн форматта тікелей эфирде таратуға көшіп, спикерлерімізді қашықтан жаза бастадық. Мұндай тәжірибені біз Атырау телерадиоарнасында тұңғыш рет жүзеге асырдық, – дейді «Атырау» телерадиоарнасы директоры Қанат Әуесбай. 

img 20201117 wa0074

82 жылдық тарихы бар Атырау радиосы әуе толқынына тәулігіне 17 сағат таратады. Радионың контенті  қазақ әндері мен танымдық, ойын-сауық, мәдени хабарлардан тұрады.  

«Үркер» Ұлттық сыйлығы баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістік үшін беріледі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған дәстүрлі конкурс мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету.

img 20201117 wa0073
121459258 674829566771896 7331731449031915849 o
img 20201117 wa0076
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз