Университеттердегі емтихандардың қашан және қалай өтетіні белгілі болды

0 1 Жаңалықтар

 «Күзгі семестрдің қорытындысы бойынша емтихандар академиялық күнтізбеге сәйкес, 2020 жылдың желтоқсанында басталып, 2021 жылдың қаңтарына дейін жалғасады» деп хабарлайды atr.kz.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, қысқы сессия барысында 150 мыңнан астам емтихан өткізу жоспарланып отыр.

«Қашықтан оқытуға көшуге байланысты емтихандар, негізінен, қашықтан өткізіледі. «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар», «Журналистика», «Бизнес, басқару және құқық» және т.б. бағыттар бойынша емтихандар тестілеу, эссе жазу және жобалар қорғау форматында өтеді.

Оқу пәндерінің ерекшелігін ескере отырып, инженерлік, өңдеуші салалар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және т.б. оқу бағдарламалары бойынша емтихандар күндізгі форматта ұйымдастырылатын болады» делінген Білім және ғылым министрлігінің баспасөз-қызметі берген мәліметте.

Еске сала кетелік, елімізде жоғары оқу орындарында оқыту қашықтан және аралас форматта жүргізіліп жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз