«Ұлы Жібек жолымен» атты республикалық пленэр болып өтті

dsc 6339 Жаңалықтар

          Atr.kz/26 қыркүйек, 2019 жыл.       Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде  Тұңғыш Президент  Н.Назарбаевтың  «Рухани Жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» жобасына орай «Ұлы Жібек жолымен» атты республикалық пленэр болып өтті.

            Бес күнге созылған бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен республикаға танымал жиырмадан астам қылқалам шеберлері жиналды. Олар Жылыой өңіріндегі  әйгілі Ұлы жібек жолында орын тепкен Иманқара  үңгірі, Ақ кегершін бор тауы, «Ақмешіт» діни тұрмыстық кешені, Ұшқан қорымы сынды тарихи-мәдени құндылықтарымызды көзбен көре отырып, табиғат аясында сырлы бояумен  кескіндеді. Топтаса жүріп өнер туындыларын өмірге әкелген суретшілер пленэр барысында бір-бірімен өзара тәжірибе де алмасты. Нәтижесінде әрқайсысы қараған адамға рухани, эстетикалық күш сыйлайтын бірнеше туындыны көпшілік назарына ұсынды.

            Пленэрдің қорытынды көрмесінде Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің директоры Төлеген Орынбасарұлы қатысушыларға зор алғысын білдіре келіп,  әрқайсысына Алғыс хаттар мен қаржылай сыйақылар табыстады.

dsc 6290 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз