Ұлттық халық санағы: дайындық кезеңі басталды

a7677f57 1c90 4f00 81a1 Жаңалықтар

Биылғы күзде өтетін Ұлттық халық санағының дайындық кезеңі басталды.

Еліміздің 17 аймағында Ұлттық санақты дайындау және өткізу жөнінде штаттан тыс бөлім жұмыс жасайды.Науқан кезінде барлығы 32 313 санақ қызметкері (нұсқаушы-бақылаушылар мен интервьюерлерді қосқанда) жұмысқа тартылады. Санақшыларға 65-105 мың теңге көлемінде айлық еңбекақы төленеді. Атырау облысы бойынша санақ жұмыстарына барлығы 207 адам қатысады.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Галя Мұханғалиеваның айтуынша, осымен үшінші рет өткізілгелі отырған Ұлттық халық санағы дайындық және негізгі кезеңдерден тұрады. Соның ішінде дайындық кезеңі маусым айының 1-і мен 30-ы аралығын қамтиды. Бұл мерзімде интервьюерлер (сұхбат алушылар) тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайлардың, құрылыстардың тізбесін жасақтап, мұнда тұратын тұрғындардың нақты санын анықтау мақсатында әрбір елді мекенді аралайды. Осы уақытта Ұлттық халық санағының негізгі кезеңін өткізуге, яғни аудандастыруға әзірлік жұмыстары жүргізіледі.

Санақты аудандастыру – бұл өңірдегі әрбір елді мекеннің аумағын санақты өткізу үшін нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлу. Қазіргі таңда ел өміріндегі маңызды шараны өткізу үшін санақ персоналы іріктеліп, оқытылды. Олар жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жоғары курс студенттерінен, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жіберілген жұмыссыздар қатарынан іріктелген. Науқанның портативті есептеуіш құрылғыларды қолдану арқылы өткізілетіндігін ескере отырып, жұмысқа заманауи техника тілін неғұрлым жетік меңгерген жастар жұмылдырылды. Ұлттық халық санағын өткізуге Атырау облысына республикалық бюджеттен 193 млн. теңгеден астам қаражат қарастырылып, биылға 168,8 млн. теңгесі бөлінген. Оның 146,6 млн. теңгесі санақ персоналының еңбекақысын өтеуге жұмсалады. Дайындық кезеңінің интервьюерлерін айырып тану белгілері халық санағының логотипі, яғни атрибутикасы бейнеленген көк түсті сөмке (портфель) және департамент басшысының қолы қойылып, мекеме мөрі басылған арнайы куәлік болып табылады. Бұдан басқа, олардың қолдарына планшеттер беріледі.

– Санақ персоналының барлығы же ке қ о р ғ а н ы ш қ ұ р а л д а р ы м е н қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен осы кезеңнің өту барысында статистика департаменті берген куәлік негізінде, санақ персоналының қала ішіндегі қоғамдық көліктерде тегін жүру жеңілдігі қарастырылған, – деді департамент басшысы.

Биылғы Ұлттық санақтың басты ерекшелігі – санақ парақтары ғаламтор желісі арқылы электронды формада толтырылады. Осы мақсатта планшеттер де пайдаланылады. 

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз