1556091930 news b

Ұялы телефон арқылы картадан ақша ұрлаған

Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/29 тамыз, 2020 жыл. Мақат ауданы полиция бөліміне шағымданған аудан тұрғыны белгісіз біреудің өзінің несие картасынан ақша аударып алғаны туралы арызданды.

1994 ж.т. азаматшаның айтуынша, өзінің несие картасын жоғалтып алғанын  ұялы телефонына ақша шешілгені туралы хабарлама келгенде бір-ақ байқаған.

Бір қызығы, азаматшаның несие картасымен бірге ПИН-КОД нөмірі де қағаз бетінде жазулы болған.

Мақат аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел шаралар кезінде қылмысқа  күдікті Ақтөбе облысының тұрғыны анықталды.

Қазіргі уақытта  1980 ж.т.  азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-тің 190-бабымен жүргізілуде.

Жыл басынан бері Атырау облысында интернет-алаяқтықтың 400-ге жуық дерегі тіркелген.   Облыс  полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаевтың  айтуынша, осы тектес қылмыстардың 150-ден астамы ашылып, кінәлі адамдар жауапқа тартылды. Алаяқтық әрекеттерінің алдын-алу, әшкерелеу мақсатында арнайы іс-шаралар ұдайы жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері облыс  тұрғындарына несие немесе басқа да карталардың құпия сөздерін бөлек сақтау  керектігін ескертеді.

«Atr.kz»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған