«Түнімен тыныштық бермейді…»

apvraprara Жаңалықтар

Атырауда жыл басынан бері түнгі тыныштықты бұзған 1500-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жалға берілетін пәтерлер мен үйлерде тұратын адамдардың тиісті құжаттарын және тіркелуіне тексеру жүргізді. Мәселен, №2 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Вокзал маңы шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйлерден салық органдарына тіркелмеген 5 пәтерді анықтады.

«Әдетте, пәтерлерді тәулікке, сағаттап және күнделікті жалға алушылардың түнгі тыныштықты бұзатыны туралы жергілікті тұрғындардың тарапынан наразылық көп түседі. Сондай деректің бірі СМП шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде орын алды. Осындағы көп қабатты үйде тұратын 33 жастағы азамат көршілерінің түнгі тыныштықты бұзғаны жөнінде полицияға хабарлама берген. Тексеру кезінде пәтерді тәуліктік жалға алған 4 азаматша анықталды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 437-бабымен (Сағат түнгі 22:00-ден таңғы 9:00-ға дейін тыныштықты бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан учаскелік полиция инспекторлары облыс орталығында жалға берілетін 1800-ге жуық пәтерді тексеріп, салық органдарына тіркелмеген 500-ден астам пәтер иелерін анықтаған. Сондай-ақ, түнгі тыныштықты бұзған 1500-ден астам тұлға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 437-бабымен жауапкершілікке тартылған.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз