Цифрландыру – басты талап

Marapat Жаңалықтар

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов машина жасау қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Салтанатты жиында кәсіпорындарды цифрландыру мәселесі көтерілді.

????????????????????????????????????

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорнын цифрландыру жөнінде пилоттық жобаны іске асырып, бұл тәжірибені кеңінен таратуды тапсырған болатын. Соған сәйкес, қазір Инвестициялар және даму министрлігі мемлекеттік қаржылай қолдау шараларын енгізу жолдарын әзірлеуде. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде, аталған міндет облыста екі кәсіпорында орындалып отыр. Олар – «Жігер-мұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің робот дәнекерлеу және Атырау мұнай өңдеу зауытының «ТОРО» бағдарламалары. Тағы 22 кәсіпорын кезегін күтуде. Мұның еңбек өнімділігін арттыруға, жүйелі бақылау жүргізуге, еңбек шығындарын азайтуға септігі көп. Бұл экономикалық өсімге серпіліс бермек. Сондықтан осы үрдіске үзбей қатысуға шақырамын, – деді Серік Жамбылұлы.

Расымен де, қазір бұрандалар мен құрылғылардан бастап ауыр техника, зауыт-фабрикасыз еңбек етуді елестету мүмкін емес. Соның бәрін жасайтын – машина құрастырушылар. Олар тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тұрғындарды жұмыспен қамтып, ел экономикасын көтеруге үлкен үлес қосты. Бүгінде аймақ бойынша атал-ған салада 1202 тұрғын жұмыспен қамтылған.

Соңғы бес жылда аталған өнеркәсіп өнімі 9 миллиардтан 32 млрд. теңгеге дейін ұлғайған. Өңірде мұнай өндіру мен өңдеу кәсіпорындарына қажетті тауар мен қызмет ұсыну мүмкіндігі мол. Ал, мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде құны 18,5 млрд. теңгеге жеті жоба жүзеге асырылып, 697 жұмыс орны ашылған.

Амандық АБДОЛ

Суретті түсірген: Әнуар Әбілғазиев.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз