0de7df2f b69d 40f3 90a3 fa5c4b6e6e3f

Триумф: 2019 жылдағы спорт саласындағы жарқын жеңістер

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/6 қаңтар, 2020 жыл.  Спорт – тәнді сауықтырып, рухты бекітіп қана қоймай, ел еңсесін көтеру мен мемлекет имиджін асқақтату жолына да ұшан-теңіз үлесін қосады.

 Жаңа 2020 жылға аяқ басқалы тұрғанда жетістіктерге толы болған 2019 жылдағы мұнайлы өңір спортшыларының басты, негізгі жарқын жеңістеріне, спорт саласын дамыту мақсатында атқарылған жұмыстарға азды-көпті тоқталып өтсек.

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілдерінің берген мәліметтеріне сүйенсек, өңірімізде 2019 жылы бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылыпты. Бұл жылы спорттық құрылымдардың саны 31 бірлікке өсіп, Құрманғазы а у д а н ы н ы ң Ақкөл , М а х а м б е т ауданының Ақжайық және Жылыой ауданының Майкөмген ауылдарында жаңа спорт кешендері пайдалануға берілді.

Демеушілердің қолдауымен «Мұнайшы» стадионының жасыл алаңы заманауи талаптарға сай жаңартылып, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Атырау қаласынан жаңа скейтпарк алаңы ашылды. Биыл облысымызда 1500-ден астам спорттық шара өткізіліп, онда 450 мыңдай адам қамтылды. Спорт мектептерінде спорттың 25 түрі дамытылып, спортпен шұғылданушы балалар саны былтырғымен салыстырғанда 964-ке көбейген. Яғни, бүгінгі таңда 13838 жасөспірім жүйелі түре спортпен тегін шұғылдануда. Биылғы, түрлі деңгейдегі жарыстарда облыс спортшылары 1400-дей медальға қол жеткізіп, осы жеңістер нәтижесінде 22 спортшы – «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 47 адам – «Спорт шебері» және 155 адам – «Спорт шеберлігіне үміткер» атақтарына ие болды. Бәсекелерде өз мықтылығын танытқан 294 спортшымыз келер жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасында өнер көрсететін болады.

11

Оның 174-і негізгі құрамада, 64-і жастар құрамасында, 56-сы жасөспірімдер тобында. Бұл көрсеткіштерді өткен жылмен салыстырар болсақ, едәуір ілгерушілікті байқауға болады. (2018 жылы: «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» – 10 , «Спорт шебері» – 18, «Спорт шеберлігіне үміткер» – 145). Өңірімізде ақпан айында облыс орталығында алғаш рет қысқы марафон ұйымдастырылып, жаппай жүгіріске күннің суығына қарамастан 500-ден астам қала тұрғындары белсене атсалысты. Наурыз айында Жастар жылына орай дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты жоғары дәрежеде өткізілді.

Оның ізін ала облысымызда екінші мәрте жекпе-жектен ерлер арасында Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылды. Осы айда аймағымызда тұңғыш рет спорттық және ойын көгершіндерінің көрмесі өтіп, оған жақын шет елдерден 60-тан астам қатысушы келді. Ал, сәуір айында дәстүрлі «Атырау марафоны» кең көлемде үшінші мәрте өткізіліп, оған 3000-нан астам желаяқ қатысты. 10 мыңға жуық атыраулықтар тамашалаған Жауынгерлік өнер фестивалі мамыр айында Бейбарыс алаңында өтті. Олимпиадалық емес спорт түрлерінің басын қосқан Жауынгерлік өнер ассоциациясы ұйымдастырған бұл шара еліміздің 17 өңірінде ұйымдастырылып, қорытындысында жерлестеріміз «Ең үздік» аймақ, атағын жеңіп алды. Маусым айының басында облысымызда тұңғыш рет  арбадағы биден Халықаралық ж а р ы с ө т і п , м а м а н д а р шараның биік дәрежеде ұ й ы м д а с т ы р ы л ғ а н ы н сөз қылды. Жайық өзені жағасында өткізу дәстүрге айналған Исатай-Махамбет батырлар атындағы бокстан халықаралық турнир осы жылы да көптеген танымал былғары қолғап шеберлерін шаршы алаңда жинады. Төрт жылда бір рет өтетін жазғы Спартакиада ойындары аясында карате мен таеквондо сайыстары Атырау қаласында өтті. Маусым айында жергілікті өнерпаздар бақтарын сынаған қазақ күресінен «Өнер барысы» турнирі өткізілді.

қыркүйек айында тұңғыш рет парадзюдодан Азия және мұхит елдерінің чемпионаты ұйымдастырылып, оған 13 мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысты. Қазан айында ұлттық спортымызды дәріптеген дәстүрлі «Дарабоз» Халықаралық турнирі және V республикалық «Алтын тұлпар» сайысы «Алтын тұлпар – Жайық жағасында» атауымен Махамбет ауданы Талдыкөл ауылында өткізілді. Осылармен қатар, Жастар жылына орай «Qazaqstan Jastar Fest» жобасы аясында «Atyrau Jastar Fest» шарасы кең көлемде аталып өтті. Фестиваль орталық алаңда қорытындыланып, жергілікті спортшылардың қатысуымен қойылымдық концерт өтті. Облысымыз дене шынықтыру және спортпен айналысуға мүмкіндігі шектеулі адамдарды тарту бойынша алдыңғы қатарда. 69 спортшымыз еліміздің Ұлттық паралимпиадалық құрама командасының құрамына кіреді. Мүгедек спортшыларымыздың 21-і – «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 32-сі – «Қазақстан Республикасының спорт шебері», 52-сі – еліміздің спорт шеберлігіне үміткері. Жалпы, биыл облыс спортшылары Әлем чемпионаттарынан 36 медаль, Азия чемпионаттарынан 54 медаль және Қазақстан чемпионаттарынан 261 медаль еншіледі.

Спортшыларымыздың жекелей табыстарын айтар болсақ, биыл атыраулықтар үшін жетістіктерге толы болды. Бұрыннан екі дүркін Азия, екі дүркін Е у р о п а чемпионы атағы бар паратаеквондошымыз Нұрлан Домбаев ақпан айында Түркия елінде екі дүркін Әлем чемпионы атанды. Осы жеңісімен Токио паралимпиада ойындарына жолдама алды. Ал, 9 жасар шахматшы қызымыз Зарина Нұрғалиева алдымен екінші мәрте Азия чемпионы атанып, артынан шілде айында Беларусь елінің астанасы Минск қаласында 8-12 жас аралығындағы ойыншылар арасында өткен әлем чемпионатында жергілікті спорт тарихында болмаған табысқа кенеліп, шахматтан өңірімізден шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанды. Соңғы кезде боз кілемдегі белдесулерінің бәрінде де айы оңынан туып жүрген еркін күрес шебері Сырбаз Талғат жастар арасында екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып қана қоймай, күрес тарихында алғашқы Азия чемпионатының алтын жүлдесін е н ш і л е д і .

С о ң ғ ы ж ы л д а р ы  жетістігіміз жоқтың қасы болып жүрген бокста – Аманат Сабырғали өңір тарихында алғаш рет құрлықтық додада үздік атанды. Былтырғы жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері, каратеші Әбілмансұр Батырғали облыс тарихында алғаш рет Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар арасында Әлем чемпионы болды. Ал, қараша айында Кипр елінде самбодан ардагерлер арасында өткен әлем біріншілігінде Жандос Тілекбаев барлық қарсыластарынан басым болып, жеңіс тұғырының биік сатысынан табылды. Осы жеңістің ізінше Рахия Молдашева мен Алмагүл Қанатова сынды қос қаракөзіміз қол күресінен ардагерлер арасында өткен Әлем біріншілігінде топ жарды. Осылайша, қазақ қыздарының қайсарлығын төрткүл әлемге мойындатты.

 Ал, жыл соңында Әнұранымызды әлемдік д е ң г е й д е ш ы р қ а т қ а н Ж а н д о с Назарбеков болды. Ол осы жеңісімен кикбоксингтен ересектер арасында екі дүркін Әлем чемпионы атанды. Командалық спорт түрлері бойынша жерлестеріміздің жетістіктері де жаман болмады. Басым бөлігі атыраулық споршылардан құралған парадзюдо командасы тарихта алғаш рет Азия чемпионатының алтын жүлдесін иеленіп, биік тұғырға шыққан алты спортшымыз «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағына ие болды. Қазақстан чемпионатында волейболшыларымыз бен баскетболшыларымыз күміс жүлде иеленсе, «Бейбарыс» хоккей командасы қанжығасына ел біріншілігінің алтын жүлдесін байлады. Ал, мамыр айында ғана құрылғанына қарамастан үлкен додада бақ сынаған «ЖасНарын» көкпар командасы ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жыл соңында ҚР Ұлттық О л и м п и а д а  К о м и т е т і н і ң ұйымдастыруымен өткен «Алтын Самғау – 2019» спорттық жүлдесін табыстау шарасында үш бірдей жерлесіміз үздіктер қатарынан көрінді. Әбілмансұр Батырғали – «Ең үздік жас спортшы» атанса, парадзюдо жаттықтырушысы Жандос Қиянов – «паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ең үздік жаттықтырушы» болды. Ал, Нұрлан Домбаев – «ең үздік паралимпиадалық спортшы» деп танылды. Осыған қоса, Индонезияда өткен Паразиадада суға жүзуден екі дүркін чемпион атанған жерлесіміз Ержан Сәлімгереев республикалық «Алтын адам – 2019» жобасында «Жылдың үздік параспортшысы» атанды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған