Тоқаев президенттік сайлау туралы: Наурыздағы Жолдауымда осы мәселе туралы өз пікірімді айтармын

vybory prezidenta Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында президеттік сайлауға қатысты жоба-жоспары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіз екі мерзім ғана Президент қызметін атқаруыңыз мүмкін екенін айттыңыз. Олай болса, келесі сайлауға қатысатыныңыз анық қой?», – деп сұрады сұхбат тізгіншісі Жайна Сламбек.

«Бұл мәселе Конституциямызда жазылған. Президентке екі мерзім берілген. Оны бұзуға болмайды. Наурыздағы Жолдауымда, мүмкін, осы маңызды мәселе жөнінде өз пікірімді айтармын. Ал бірақ қазір сайлауға барамын ба, бармаймын ба, оны айта алмаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз