Жарнама
Жаңалықтар

Төмен жалақы алатындарға салық жеңілдігі енгізіледі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі бойынша жалақысы 129 мың теңгеден төмен қазақстандықтар жеке табыс салығын төлемейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, жаңа құжатта халық үшін тиімді бірқатар өзгеріс қарастырылған. «Жаңа Салық кодексінің басты қағидасы – байлар көбірек, кедейлер азырақ төлеуі керек. Ең маңыздысы – салықтық шегерімдер 2,5 есе көбейді. Бұрын бұл шама 55 мың теңге болса, енді шамамен 129 мың теңгеге дейін өседі. Демек, жалақысы 129 мың теңгеге дейінгі адамдар табыс салығын мүлде төлемейді», – деді Еркін Әбіл.

Оның сөзінше, табысы жоғары азаматтар табыс салығын өскен мөлшерге сай төлейді. «Мысалы, айлығы 200 мың теңге болса, салық тек 70 мың теңгеден есептеледі. Ал зейнетақы табыстары салықтан толық босатылады», – деп түсіндірді депутат.

Айта кетейік, Ұлттық экономика министрлігі 26 қыркүйекте арнайы салық режимін қолданушылар тізімін талқылауға шығарған болатын. 1111 кәсіп түрінің 795-і салықтық жеңілдіктерді пайдалана алмайды. Жаңа Салық кодексі қабылданған соң, арнайы салық режимдерінің саны азайып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жаңа жүйе енгізіледі. Сондай-ақ шағын және орта бизнес үшін жеңілдетілген шарттар қарастырылған.

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Сурет: baq.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button