Теміржолшылар қандай «оқушы» болған?

20170905 100909 Білім

Мамандық таңдау – өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау болып табылса, бұл – жоғары сынып оқушыларын жиі толғандыратын мәселелердің бірі. Еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген сондай кәсіптің бірі де бірегейі – теміржол желісі. Ал теміржолшы қашан да сұранысқа ие, ерлік пен үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Осы мамандыққа жастарды тарту үшін «Нұр Отан» партиясы Жылыой аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» атты жобаға орай теміржолшылармен кездесу өтті.

20170905_100909

Оған қаламыздағы №13 мектептің 11 сынып оқушылары келді. Алдымен «Нұр Отан» партиясы Жылыой аудандық филиалының кеңесшісі Ербол Шымырбай партиялық жобаның мақсатын таныстырып, қанат қаққалы тұрған түлектерге мамандық таңдаудан қателеспеу керек екенін айтып, бүгінгі экскурсияның қызықты өтуіне тілектестігін білдірді. «Теміржолшы Құлсары» және «Ынтымақ» бастауыш партия ұйымдарында өткен шараға осы саланың майталмандары жиналған. Оқушыларға «Теміржолшы Құлсары» БПҰ төрағасының орынбасары Қоңқаш Сырлыбай «Құлсары сигнализация және байланыс дистанциясы» мекемесінің тарихымен, техникалық құрылғылармен және мекеменің атқаратын жұмысы, мақсатымен толықтай таныстырып өтті. Персоналдар менеджері Г.Исахаева бұл мамандық бойынша жұмыс жасау үшін физика-математика пәнін терең игеру керек екендігін айтса, «Теміржолшы Құлсары» БПҰ төрағасының хатшысы, техникалық құжаттар тобы инженері А.Даулетқалиев 2016 жылы жаңадан «Бейнеу – Жезқазған» теміржолы іске қосылғанын, оған 60-қа жуық маман иелері жұмысқа орналастырылғандығын атап өтті.

20170905_100619

«Ынтымақ» БПҰ төрағасының орынбасары Ж.Шықыбаев «11-ші Құлсары жол дистанциясы» мекемесінің атқаратын қызметі туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Е.Жапалов қозғалыс қауіпсіздігі туралы баяндаса, Атырау вагон пайдалану депосы, Құлсары Техникалық қызмет көрсету пункт бастығы М.Оразқұлов вагондардың техникалық қызметі және тасымалдау туралы түсіндірді. Кездесу соңында мектеп мұғалімі А.Тәжіғалиева осындай мектеп түлектеріне арнап түсіндіру жұмыстарын жүргізгендігі үшін аудандық партия филиалы мен білікті мамандарға алғысын білдірді.

 Перизат ҚИЗАТОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз