Жарнама
Жаңалықтар

Теміржол билеттері 40%-ға дейін арзандады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жеті танымал бағыт бойынша теміржол билеттеріне 40%-ға дейінгі маусымдық жеңілдіктерді ұсынатынын хабарлады.

Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздарға қолданылады.

№9/10 «Астана – Алматы» бағыты бойынша отыратын вагондарға пойыз жөнелтілуіне 45-тен 10 күнге дейін сатып алынған билеттерге — 40% жеңілдік. №65/66 «Астана – Жезқазған» туристік вагондарына — 25%. №67/68 «Астана – Өскемен» пойызының үстіңгі сөрелеріне — 30%. №77/78 «Алматы – Маңғыстау» купелік үстіңгі орындарына — 25%. №351/352 «Алматы – Өскемен» және №691/692 «Атырау – Ақтөбе» пойыздарының купелік үстіңгі орындарына тиісінше — 30% және 20% жеңілдік бар.

Сондай-ақ, күн сайын қатынайтын №11/12 «Алматы – Шымкент» пойызының туристік купелі орындарына — 25% жеңілдік қарастырылған.

Компанияның мәліметінше, бұл шара жолаушылардың сұранысын арттыру және күзгі-қысқы маусымда сапарларды қолжетімді ету мақсатында жүзеге асырылуда.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button