Жарнама
Жаңалықтар

Технологиялық прогресс Қазақстанның жаңа тарихын жасайды

Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында нақты атап өткендей, жаппай цифрландыру тек мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру ғана емес, ең алдымен азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға, экономиканы тиімді етуге және ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қызмет етеді.

Бүгінде әлем жаңа технологиялық дәуірге қадам басты. Кім цифрландыру мен жасанды интеллектіні ертерек игерсе, сол ел ғылыми-технологиялық жарыста алға шығады. Қытайдың тарихи тәжірибесі – бұған айқын дәлел. Бір кезеңде ғылыми-технологиялық серпілістен қалыс қалған мемлекет кейін үлкен сын-қатерлерге тап болды. Ал соңғы онжылдықтарда ғылым мен инновацияға инвестиция салған Қытай бүгінде әлемдік державаға айналды. Бұл мысал Қазақстан үшін де аса маңызды сабақ.

Жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер энергетика, көлік, денсаулық сақтау, білім беру сияқты көптеген салаға жаңа мүмкіндіктер әкеледі. Президент атап өткендей, атом энергетикасында да цифрлық технологияның орны ерекше: ол шығынды азайтып, процестің қауіпсіздігін күшейтіп, тиімділікті арттырады. Демек, жаңа технологияны енгізу – жай ғана сән емес, өмірлік қажеттілік.

Әрине, қоғамда мұндай өзгерістерге күмәнмен қарайтындар бар. Бірақ бұл – қалыпты құбылыс. Ең бастысы – мемлекет ашықтықты сақтап, халықпен диалог жүргізіп, нақты нәтижелер арқылы сенім қалыптастыруы керек. Себебі цифрландыру – тек техникалық шара емес, ол әлеуметтік өзгерістерді де қамтитын ауқымды процесс.

Жаһандық бәсекелестік күшейген шақта Қазақстан үшін басқа жол жоқ. Егер біз жаңа технологиялық революциядан шет қалсақ, даму көшінен қалып, тәуелді жағдайға тап болуымыз мүмкін. Ал цифрландыруды батыл жүргізу елімізді қуатты, дербес әрі технологиялық тұрғыдан озық мемлекетке айналдырады.

Президенттің «жаппай цифрландыру азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартып, Қазақстанның орнықты ғылыми-технологиялық прогресіне берік негіз қалайды» деген сөзі – стратегиялық бағытты айқын көрсететін ұстаным. Енді бұл идеяны іс жүзінде жүзеге асыру – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.

Бақтыгүл АСАНОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау универитеті физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, PhD

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button