nkengeknkngk

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ: Қазақстан Конституциясына биыл – 25 жыл!

Жаңалықтар Саясат Қоғам

Atr.kz/28 тамыз, 2020 жыл. Биыл – тәуелсіз мемлекетіміздің құқықтық іргетасын қалаудың негізгі тетігі саналатын Конституцияның қабылданғанына – 25 жыл. Жылдар ағымына сай бағамдасақ, аса көп мерзім емес. Сәйкесінше, Қазақстан Республикасының Ата Заңы әлем елдері ішінде ең жас заңдардың санатында. Десек те, адам құқықтары мен міндеттерінің өзара үйлесімділікте болуының алғышарттарын қалыптастырушы құнды құжат қоғамдағы орнын, өз өміршеңдігі мен мән-маңызын айшықтап үлгерді. Заң шығару ісінің қайнар көзі саналатын Конституцияны қорғау, құрметтеу – әр азаматтың парызы.

Конституция – ел тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат. Қазақстанның Ата Заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Десек те, ол санаулы жылдар ішінде уақыт сынынан сүрінбей өтіп, өзінің заман талабына сай екендігін жан-жақты дәлелдеді. Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық талқылауға салынған да, елдің сындарлы пікірлері ескерілген негізгі заң да осы – 1995 жылы қабылданған Конституция. Ресми мәліметтерге қарасақ, құжатты талқылауға 3 миллион 345 мың адам қатысқан. Жұртшылық тарапынан сарапталған 31 мың 886 ұсыныс түсіп, соның басым бөлігі заң жобасында көрініс тапқан. Айтулы мереке қарсаңында «Мінбер» төрінде Ата Заң аясындағы келелі мәселелерді кеңінен сөз еттік.

1.

Қазақстанның Ата Заңы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 Конституцияның бірі болып саналады. Мұның өзі оның үлкен әлеуетін білдірсе керек. Ендеше, еліміздің басты құжатының басты ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

2.

Тәуелсіз еліміздің тірегіне айналған басты заңды нығайтып, оған деген құрметті арттыру жолында қандай жұмыстар атқарылуы керек?

***

Саламат ИДРИСОВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры, профессор:

 1.

Кез келген егемен ел үшін, мемлекет тұрғындарының, барша азаматтарының құқығы мен бостандығына кепіл болатын ең басты құжат əрине, ол – Конституция. Қазақстан Республикасының Ата Заңына ширек ғасыр – 25 жыл толып отыр. Қоғамдағы даму тенденцияларына қарай Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жасалып, дамып отырады. 1995 жылдан бері 5 рет Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар жасалған. Атап айтсақ, 1998 жылы негізгі заңның 19-бабына өзгерістер мен толықтырулар енген. Олар негізінен Президент, Сенат, Мəжіліс депутаттарына байланысты ережелер болатын. 2007 жылғы өзгерістер мен толықтыруларда сайлау жүйесіне, Парламенттің, Қазақстан халқы Ассамблеясы мəртебесін көтеру сынды өзгерістер орын алды. 2011 жылы елімізде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу ережесіне байланысты, яғни 41-бапқа өзгеріс пен толықтыру жасалды. 2017 жылы Астана қаласына қаржылық салада айрықша мəртебе беру мəселесі, сондай-ақ лаңкестік ісəрекет жасаған азаматтарға, Қазақстан Республикасы мүддесіне ауыр нұқсан келтіргені үшін сот шешімімен азаматтықтан айыру сияқты ережелер енген болатын. Сонымен қатар Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық сот, жергілікті басқару, өзін-өзі басқару бойынша да өзгерістер мен толықтырулар жасалды. 2019 жылғы өзгерістер, өздеріңіз білетіндей, Астана қаласының Нұр-Сұлтан қаласы болып аталуы бойынша өзгеріс. 1995 жылғы Конституция 1993 жылғы Конституция барысында қамтылмай қалған маңызды бағыттарды есепке алған, мүлде жаңа сапалық деңгейдегі құжат болуымен жəне бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануымен құнды. Конституция редакциясын басқарған жұмысшы топтың басында болған елімізге танымал қайраткер, білікті заңгер Нағашыбай Шайкенов бастаған ұжым айрықша еңбек еткенін білеміз. Олардың қатарында қазақстандық құқықтық саланы дамытушы ғалымдар, жерлесіміз, академик Салық Зиманов, Гайрат Сафарғалиев жəне басқа да заңгерлер болды. Көптеген дамыған демократиялы мемлекеттердің Конституцияларына талдаулар жасап, біздің еліміздің тыныс-тіршілігі мен ерекшелігіне сай нормалармен негіздеп жасалған басты құжатқа Франция Конституциясы үлгіге алынған деп саналады. Республикалық референдумда қабылданған Конституцияны мүлтіксіз орындап, оның рухын берік ұстану еліміздің табысты дамуының басты қайнар көзі мен кепілі болуда.

2.

Кез келген ел үшін құқықтық мемлекет құрудың негізгі шарты – ол елдің Ата Заңы болу керек. Қазақстан Республикасының Конституциясының қалыптасуы бірнеше тарихи, күрделі, өтпелі кезеңдерді қамтиды. Академик Салық Зимановтың басшылығымен қазақтың құқықтық жүйесіне арналған «Қазақтың ата заңдары» сериясымен жарық көрген көптомдық еңбекте осы үдерісті ғылыми талдап, еліміздегі құқықтық конституциялық даму кезеңі баяндалады. Ол еңбекті біздің студентеріміз еліміздегі конституциялық даму тарихы мен тенденциясын біліп, оқу үдерісінде пайдаланып келеді. Осы оқу жылында жерлесіміз, академик Салық Зиманов аудиториясын ашқалы отырмыз. Біз жоғары оқу орындарының жастары арасында еліміздің негізгі заңын насихаттау, Конституциямыздың маңызы мен қадірін түсінуге баулуға бағытталған іс-шараларды жүйелі ұйымдастырып келеміз. Əрине, біріншіден университеттегі «Құқықтану» білім бағдарламасы арқылы насихатталады. Жас ғалым, PhD доктор Ринат Шайхаденов бастамасымен «Заң клиникасы» өз жұмысын қайта жандандырды. Бұл тұрғындарға тегін заңдық кеңес беруге арналған арнайы кеңестік көмек беру линиясы. Айта кетейін, Конституция күніне орай бұл клиника 28-29 тамызда тегін кеңес беру желісін іске қосады. Екіншіден, Конституцияны насихаттау ғылыми көпшілік шаралар арқылы ұйымдастырылуда. Таяуда «Тəуелсіздік жəне Қазақстанның конституциялық дамуының кезеңдері» тақырыбында онлайн халықаралық конференция өтеді. Оған қазақстандық ғалымдар, практик-заңгерлермен бірге Ресей, Украина, Белоруссия, Түркия жəне басқа да мемлекеттерден зерттеушілер қатысады деп күтілуде. Үшіншіден, негізгі заңды жастар арасында насихаттаудың тағы бір үлгісі – «Мен Конституцияны жатқа білемін» конкурсы. Ол соңғы жылдары дəстүрлі ұйымдастырылып келеді. Байқаудың жеңімпазы конкурс ережесіне сай, университеттің грантына ие болады. Басты шарт – Конституция мəтінін жатқа білу. Төртіншіден, университет ғалымдары «Nur Otan» партиясының облыстық филиалымен бірлесе «Жас саясаттанушылар клубы» қоғамдық алаңын ұйымдастырған болатын. Осы клуб платформасында да жастар арасында еліміздің мемлекеттік құрылымы, конституциялық дамуы, президенттік, парламенттік басқару ерекшеліктері, партиялық жүйелер жəне басқа да маңызды тақырыптар бойынша кездесулер ұйымдастырып отырады. Клубты өңірімізге танымал саясаттанушы ғалым, профессор Сайфолла Сапанов басқарады. Жастарға Конституцияны насихаттаудың тағы бір форматы – өзін-өзі басқару жұмыстарын сайлау форматында ұйымдастырып, жас көшбасшыларды анықтау. Мысалы, соңғы 2 жылда студенттік өзін-өзі басқару президенті сайлау арқылы таңдалады. Сайлауалды бағдарламасы, даму стратегиясы бойынша студенттер арасында дебаттар өтіп, сайлауға университет студенттері қатысады. Бұл да демократиялық қоғамды дамытудағы тəрбиелік мəні бар шараларымыздың бірі деп ойлаймын.

***

Мейрамбек НАҒАШЫБАЕВ,

Атырау қалалық №2 сотының төрағасы:

1.

Конституция мемлекет өміріндегі үдерістерді реттейтін басты əрі негізгі құжат. Мемлекеттің өсіп-өркендеп, қарыштап дамуына тікелей ықпал ететін де осы – Ата Заң. Басты құжаттың қайнар көзі, түп тамыры сонау ғасырлар қойнауындағы «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», Əз Тəукенің «Жеті жарғысынан», яғни дəстүрлі құқық бастаулары ретінде танылатын осы негізгі үш дала «Конституциясынан» бастау алады. Бұдан соң Алаш өкіметінің алғашқы конституциялық дербес мемлекет құруға бағытталған жобалары кейінгі Ата Заңымыздың қалыптасуына, мемлекеттік құрылымдарды нығайтуға ықпалы болды десек, артық емес. 1995 жылы жалпы халықтың талқылауынан өтіп, бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа заңы қабылданды. Сот жүйесінің жалпы дамуында Ата Заңның маңызы ерекше. 2000 жылғы желтоқсанның 25-інде қабылданған «Сот жүйесі жəне судьялардың мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында Ат а Заңымыздағы сот жүйесінің дамуына бағытталған бірқатар қағидалар қамтылып, сот саласындағы құқықтық реформаға тың серпін берді. Аталмыш заң сот төрелігін атқарудың қағидаларын одан əрі дамытуға мүмкіншілік жасап, судьялардың тəуелсіздігін, оларға жасалатын əлеуметтік кепілдерді айғақтап, қоғамдағы статустарының ерекшеліктерін бекітті. Е ң б а с т ы с ы , а д а м ө м і р і н і ң құндылығы мойындалды. Əркімнің өмір сүруге құқығы ескеріліп, Конституцияға тиісті өзгерістер енгізілді. Соған сəйкес, елімізде адамды аса қатал жазаға тарту қысқартылды. Өлім жазасы тек соғыс уақытындағы немесе террористік əрекеттерге жататын қылмыстарға, немесе көптеген адамдардың қазасына соқтырған аса ауыр қылмыстарға қатысты ақтық шара ретінде қарастырылды. Конституциялық нормаларға сəйкесті қылмыстық сот iсiн жүргiзуді алқабилердiң қатысуымен жүзеге асыру институты қолданысқа енгізіліп, 2 0 0 6 ж ы л д ы ң 1 6 қ а ң т а р ы н д а «Алқабилер туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар қабылданып, аса ауыр қылмыстық істерді қарауға алқа билердің қатысуы жүзеге асырылды. Сот жүйесін одан əрі жетілдіру мақсатында облыстық жəне оған теңестірілген қалаларда қаржылық, экономикалық, əкімшілік, жасы кəмелетке толмағандар істер жөніндегі жəне басқа да мамандандырылған соттар институтын дамыту мəселесі қарастырылды. Бұл жаңашылдықты мемлекеттің адам құқығын қорғау төңірегіндегі жалпыға танымал стандарттарға жақындауының аса маңызды бөлігі деп білу керек. Бұл соттық бақылауды кеңейтудің жəне алдын ала зерттеу жүргізу кепілдігін енгізудің алғашқы қадамы. Бүгінгі күні елдегі сот жүйесі Конституцияға сəйкес, əрі қарай дамуға бағытталған шараларды жүзеге асырып жатыр.

2.

Қазір сот жүйесі қоғамның тұрақты, сенімді құқықтық кепілдігіне айналды деп айтуға болады. Ата Заңымызда қарастырылған құқықтар мен еркіндіктердің жүзеге асуын қолдап, бағалауымыз керек. Егер біз ұрпаққа бала жастан ұлтжандылық қасиетті дарыта алсақ, əрбір азаматымыз еліміздің патриоты болып шығатыны хақ. Сонда ғана біз қоғамның шынайы конституциялық келбетін ажарландырып, жаңа конституциялық мəдениетті қалыптастыра аламыз. Мəдениеттілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық əрбір отбасындағы тəрбие шеңберінен бастау алса, əділдік пен заңдылықтың күретамыры Ата Заңымыздың қайнарынан қуат алады.

***

Гүлжансара МҰХТАРОВА,

Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығының көмекшісі:

1.

Ата Заңымызды алып бəйтерек деп қарастырар болсақ, ал одан таралған ағаш бұтақтарын қоғамда қолданыста жүрген өзге де заңдарға жатқызуға болады. Жер-анадан нəр алатын бəйтерек тамыры көкке қарай бой түзейтін сан түрлі бұтақтардың қайнар бастауы саналады. Адамзат қоғамындағы заңдар да сол бір табиғат құбылысы іспеттес. Əлемнің қай мемлекетін алсаңыз да, елдегі заңдар алдымен Ата Заң аясында əзірленеді. Заң жобасы негізгі заңның талаптарына жауап беруі тиіс. Ал, бұлай болмаған жағдайда, оның қабылданбасы да хақ. Əлемнің өзге мемлекеттері секілді біздің еліміздегі заңдар да Ата Заңымызға арқа сүйейді. Сондықтан ел Конституциясы əбден елеп-екшеліп барып қабылданған. Алдымен өткен тарихқа шолу жасасақ. Жалпы, халқымыздың тарихында елдегі бірлікті белгілі бір ортақ тəртіптер арқылы сақтау үрдісі бұрыннан қалыптасқан. Бұл ретте, ел жадында да, тарих хатында да алар орны ерекше «Жеті Жарғы», «Есімханның ескі жолы» жəне «Қасымханның қасқа жолын» айтуға болады. Бабаларымыз саусақпен санарлықтай ғана қағидаттармен халқымыздың ішкі жағдайын реттеп отырған. Əсіресе, дау-дамайды əділ шешуде қолданған əдістері əлі күнге елдің қызығушылығына ие. Сот билігін айтатын судьяларға «Жеті Жарғыны» білу талабы бүгінгі таңда қойылып жүргендігі де сондықтан. Елдің ішкі-сыртқы тіршілігіне қатысты негізгі заңды қалыптастыру мақсатында Алаш арыстары да маңдай терін төкті. Олар дайындаған негізгі заң жобасы демократиялық тұрғыдан алғанда өзгелерінен əлдеқайда озық тұрды. Жалпы Қазақстан тарихында ел Конституциясы бес рет қабылданады. 1995 жылы қабылданған, яғни қазір қолданыстағы Қазақстан Республикасының Ата Заңы – əлемнің демократиясы озық елдерінің негізгі құжаттары сарапталып жəне ел азаматтарының ой-пікірлері ескеріліп əзірленген. Бұл Конституция елдегі демократиялық институттардың жүйелі жұмыс істеуіне жол ашты. Мемлекетіміздің тұрақты, бейбіт түрде дамуына негіз болған Президенттік басқару мен Парламенттің қазіргі заманға лайықты жаңа құрылымын таңдап берді. Билік пен қарапайым халық арасындағы құқықтық қатынастарды, қазақ қоғамының өз азаматтары мен əлемдік қауымдастықтар алдындағы басты міндеттерін қалыптастыруға негіз болды. Ата Заңымыз халықтың сараптауынан өткеннен кейін елдің өз қалауымен қабылданғандықтан бұл құжатты құптаған халықаралық ұйымдар да аз болған жоқ. Əсіресе, əлемдегі беделді халықаралық қауымдастықтардың құп көруі тəуелсіз Қазақстанның төл Конституциясын дұрыс таңдағанын байқатты. Бүгінгі таңда Қазақстан əлеуметтік-экономикалық жағынан ТМД елдері арасында көш бастап тұрғаны белгілі. Сондай-ақ, еліміздегі саяси тұрақтылық сырт көз сүйсінерліктей жағдайда. Мұның бəріне заң атаулының қайнар бастауы саналатын Ата Заңымыздың қосқан үлесі ұшан-теңіз.

2.

Конституцияны қорғау, оны құрметтеу – еліміздің əр азаматының парызы. Өйткені, заңға құрмет – елге құрмет. Əр ата-ана өз ұрпағына Ата Заңымыздың маңыздылығын, оның қоғамда алатын орнын үнемі түсіндіріп отыруға міндетті. Тəуелсіз еліміздің тірегіне айналған Ата Заңға деген құрметті арттыру жолында атқарылатын жұмыстар бір күндік немесе бір сəттік болмауы тиіс, ол жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Өйткені, бұл – құқықтық сауаттылықтың əліппесі. өз қалауымен қабылданғандықтан бұл құжатты құптаған халықаралық ұйымдар да аз болған жоқ. Əсіресе, əлемдегі беделді халықаралық қауымдастықтардың құп көруі тəуелсіз Қазақстанның төл Конституциясын Бүгінгі таңда Қазақстан əлеуметтік-экономикалық жағынан ТМД елдері арасында көш бастап тұрғаны белгілі. Сондай-ақ, еліміздегі саяси тұрақтылық сырт көз сүйсінерліктей жағдайда. Мұның бəріне заң атаулының қайнар бастауы саналатын Ата Заңымыздың Конституцияны қорғау, оны құрметтеу – еліміздің əр азаматының парызы. Өйткені, заңға құрмет – елге құрмет. Əр ата-ана өз ұрпағына Ата Заңымыздың маңыздылығын, оның қоғамда алатын орнын үнемі түсіндіріп отыруға міндетті. Тəуелсіз еліміздің тірегіне айналған Ата Заңға деген құрметті арттыру жолында атқарылатын жұмыстар бір күндік немесе бір сəттік болмауы тиіс, ол жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Өйткені, бұл – құқықтық сауаттылықтың əліппесі.

Жазып алған: Гүлжан ƏМІРОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған