Жарнама
Жаңалықтар

Тәуелсіздік мерекесіне арналған ерекше бастама

Тәуелсіздік күніне орай Құлсары қаласындағы «БатысТехИнвест» ЖШС ұжымы барша қазақстандықты ерекше форматта құттықтады.

img 8604
Screenshot

Компанияға тиесілі қоғамдық көліктегі автобустардан «KZ» бейнесі көрсетіліп, ұжым мүшелері қолдарына көк туды желбірете отырып, “Тәуелсіздік күні құтты болсын!” деп ел мерекесіне деген ыстық ықыласын білдірді. Ерекше акция көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік рухты айшықтай түсті.

– Тәуелсіздік күні – халықтың бірлігі мен елдіктің символы, азаттық пен болашаққа деген сенімнің мерекесі. Егемен елдің дамуына әрбір азаматтың қосқан үлесі қымбат. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік пен тұрақтылық тілейміз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз мәңгі жасай берсін! – делінген компания ұжымы жолдаған құттықтауда.

«БатысТехИнвест» ЖШС бұған дейін де әлеуметтік маңызы бар бастамаларға белсене қатысып, қоғамдық өмірге өз үлесін қосып келеді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button