Жарнама
Жаңалықтар

Тарихшы Шахман Нағымов — Құрметті профессор

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде белгілі тарихшы, өлкетанушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шахман Нағымовтың 80 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

8e7e8593 bb00 4354 b07f cd736fe165de

Іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысып, мерейтой иесін аймақ басшылығы атынан құттықтап, ғалымның өлке тарихын зерттеудегі зор еңбегін атап өтті. Ол Ш.Нағымовтың ғылыми мұрасы жас зерттеушілерге бағыт-бағдар беріп, білім мен ғылым саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқанын айтты.
– Игілікті шаралардың барлығының басы-қасында осы университет тұрады. Тарихи мәні зор конференцияларды ұйымдастыруда, игі бастамаларды қолдауда университет басшылығы әрдайым белсенділік танытып келеді. Осындай игі істердің барлығын жоғары деңгейде ұйымдастырып, ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіп жүрген ұстаздардың еңбегі зор. Бұл – қамқорлықтың және ұрпақтар сабақтастығының айғағы. Біз өзімізді де осындай өнегелі тұлғалардың замандасы әрі шәкірті ретінде бақытты санаймыз, — деді ол.

1dc0627c 4a37 40f7 9266 43c0a3f39c45

Сөз соңында Дарын Шамұратов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің профессор Шахман Нағымовқа арналған арнайы құттықтау хатын оқып, оны мерейтой иесіне табыстады.

Сондай-ақ Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы Әсел Шәкілікова құттықтап, Ғылыми кеңестің шешімімен бекітілген Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Құрметті профессоры» атағын Шахман Нағымұлына табыстады.
– Бұл университет мен үшін де өте ыстық әрі қымбат, өйткені еңбек жолымның алғашқы жылдары осында өткен.
​Бүгін – ерекше күн. Батыс аймағының ғана емес, бүкіл Қазақстанның ардақты азаматы, ұлағатты ұстаз, ғалым, асқар тау әке, ақылман ата – Шахман Нағымұлының мерейтойы! Осындай дара тұлғаның мерейтойында болу мен үшін зор ғанибет әрі үлкен қуаныш.
Сізді, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің ұжымы атынан және өзімнің атымнан 80 жасқа толған мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтаймын, — деді Әсел Тұрарқызы.

Конференцияға сондай-ақ облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешев, Индер ауданы әкімінің орынбасары Артур Мурзин, «Өрлеу» БАҰО АҚ Атырау облысы бойынша кәсіби даму институтының өкілі, ағарту қызметкерлері облыстық Кәсіподағының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, Абай атындағы ҚазҰУ, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қизатолла Халидуллин құттықтау лебіздерін білдірді.

Басқосуда ғалымдар мен зерттеушілер Ш. Нағымовтың еңбектеріндегі өзекті тақырыптар төңірегінде баяндама жасады.
Атап айтқанда, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамиға Танатарова ғалымның «Мәдениеттану», «Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы» оқулықтарына тоқталды.
Сондай-ақ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, тарих ғылымдарының докторы, профессоры Аққали Ахмет Ш.Нағымұлының Мұрат Мөңкеұлы шығармаларын тарихи тұрғыдан зерттеу ісіне қосқан үлесі туралы айтты.

Сонымен қатар, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Серік Қуаныш Ш.Нағымовтың өңірдегі саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеудегі еңбегін атап өтті.
Ғылыми жиын барысында профессордың шәкірттері мен әріптестері де сөз алып, оның ғалым ретінде ғана емес, ұстаздық болмысымен де ел есінде қалғанын айтты. Конференция соңында мерейтой иесіне құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды. Жиын соңында университеттің Басқарма төрағасы — ректор Саламат Идрисов қатысушыларға алғыс білдіріп, алда келе жатқан университеттің 80 жылдық салтанатты мерейтойына абыроймен өткізуге шақырды.

Алмас ҚАБДОЛ
Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button