Талқайраңдық оқушылар мұражай аралады

whatsapp image 2021 06 01 at 17.11.26 Жаңалықтар

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, сонымен қатар балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу бағытында Талғайран негізгі мектебінің 5 сынып оқушылары «Өз жеріңді танып біл» жобасы аясында қаладағы мұражайларға саяхат жасады.

Лагерь жетекшілері – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлайым Қойшыбаева мен тарих пәнінің мұғалімі Аяужан Қалиеваның басшылығымен облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер мұражайын тамашалап, ондағы құнды жәдігерлермен танысты. Бейіндік лагерь арқылы оқушылар өз жерлерінің көне жәдігерлерімен танысып, өлкеміздің тарихы туралы мол мағлұматтар алуына мүмкіндік алды. Мектеп ұжымы осындай танымдық шаралар мектеп қабырғасында алдағы уақытта да өтетіндігін айтады.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз