Сыр берген жеделсатылар

12650978 1691593454420348 5319875698672231342 n 1 Жаңалықтар

Atr.kz/16 шілде, 2019 жыл. Бүгінде облыс орталығындағы көп қабатты үйлер және мекемелерде орнатылған жеделсатылар (лифт) саны үш жүзден асады. Олардың сапасы мен жұмыс істеуі тұрғындардың көңілін көншітпейді.

Себебі оның іші тар, уақытылы тазаланбайды. Шаһардың Алмагүл , Сарыарқа, Авангард, Балықшы шағынаудандары мен Құлманов, Сәтбаев, Молдағалиев, Әуезов көшелеріндегі көп қабатты үйлерде орнатылған лифтілердің көпшілігі іркіліспен жұмыс істейді. Қазір облыс орталығында 42 жеделсаты тоқтап тұр. Көбінің шақыру
тетіктері істен шыққан, әрі кабинаның жарықтануы да мардымсыз.

«Студенттер даңғылының сол бетіндегі және Алмагүл шағынауданындағы үйлерде лифтілер ескірген, жүргенде қатты дыбыс шығарып, адамның мазасын алады» дейді осы ауданның тұрғындары. Биыл тек 10 жеделсатыны ауыстыру қарастырылған. Бұл мәселені құзырлы мекемелердің басшылары ескергені жөн болар еді.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз