Сыныптасын судан құтқарды

Жаңалықтар

Күн ысып тұрған шақта жас балалар үшін салқын суға шомылудың өзі бір қызық емес пе? Таңдай орта мектебінің оныншы сыныбында оқитын Шыңғыс, Нұрсәт, Азамат, Наурызбек, Бегәлі, Ерік есімді алты бала ауыл шетіндегі өзекке  шомылуға келген-ді.

pogudxvg30udpinmo.4733a7c2

Бұрын-соңды суға түсіп көрмеген Нұрсәттің суға аяғын сала бергені сол еді, толқын лезде оны ары қарай алды да кетті. Оның суға батқанын көрген достары дереу суға секіріп, іздей жөнелді. Жан дәрмен күйде қайта-қайта сүңгіп жүріп, ақыры Нұрсәтті де ұстады. Жағаға әзер алып шыққанда, денесінде еш тіршілік белгісі байқалмаған соң, балалар кеудесінен қайта-қайта басып, қол-аяқтарын дамылсыз қозғай берді. Екінші біреуі жасанды тыныс алдырып, бір сәт Нұрсәттің дем алғаны сезілді. Дереу ата-анасына хабар беріп, оқиға орнына келген дәрігерлер «жедел жәрдеммен» аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Бір тәулікке жуық уақыт ішінде Нұрсәт көзін ашып, тілге келді.

Достарының өмірі үшін күрескен бір сыныпта оқитын  жеткіншектердің ісін ауылдастары ерлікке балап отыр. Мамандар да дер кезінде көрсетілген көмектің нәтижесінде аман алып қалуға қол жеткізілді дейді.

 Қадыржан  ҚАЗЫМБЕКҰЛЫ.

Махамбет ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз