
STEM Hanym: Атырауда ерекше жоба басталды
Атырау қаласында 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өткен STEM Hanym оқыту бағдарламасы өз мәресіне жетті. Ғылым, технология, инженерия және математика бағытындағы бұл білім беру бастамасына елуге жуық қыз-келіншек қатысып, жаңа мүмкіндіктерге қадам басты.
Жобаға қатысушылар 30 сағаттық қарқынды семинарлар мен тәжірибелік сабақтар арқылы робототехника негіздерін меңгеріп, LEGO Education жиынтықтарымен жұмыс жасауды, сыни ойлау мен командалық дағдыларды дамытуды үйренді.
Бағдарламаның тренері Айнұр Тоқтарова бұл жөнінде былай деді:
– Бүгін Атырау қаласында 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өткен STEM Hanym оқуы қорытындыланып отыр. Оқуға 50-дей қыз-келіншек қатысты. Бүгінгі шарада ең үздік идея ұсынған жеңімпаз команда да анықталады. Енді келесі кезең Құрманғазы, Жылыой, Махамбет және Мақат аудандарында жалғасады. Жалпы жоба аясында 300-дей қыз-келіншекті оқыту жоспарланып отыр, — деді ол.
Майра ЕРҒАЛИ


