Жарнама
Жаңалықтар

«Sport Unites» жеңімпаздары анықталды

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Sport unites» спорттық фестивалі өтті.

img 6087
Screenshot

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған шара екі күнге созылып, қатысушылар киберспорт, садақ ату және үстел теннисінен бақ сынады. Спорт фестивалінің алғашқы күні киберспорттан сынға түскен отыз қатысушы өзара мықтыларды анықтады. «Ассамблея Жастары», «Достық», «Жастар Рухы», «Oil’UP», «AESK» және«БНМ» командалары арасында айналым ойындарыөткізіліп, үздіктері финалдық кезеңге жолдама алды. Тартысты додада үшінші орынға ие болған «AESK» командасы. Финалда кездескен «БНМ» мен «Ассамблея Жастары» арасындағы ойын тартыстыөтіп, екі сағатқа жуық командалар ең үздік деген атақүшін таласты. Нәтижесінде «БНМ» командасы басымтүсіп, турнирдің бас жүлдесін қанжығасына байлады.

img 6086
Screenshot

Сайыстың екінші күні садақ ату және үстел теннисіне сайыс ұйымдастырылып, жалпы саны 30 адам қатысты. Садақ атудан 3-орынды иеленген – Абзал Хамидолла. Бекнұр Дүйсенбай екінші орынды олжаласа, сайыстың бірінші орны Ернар Махметке бұйырды. Үстел теннисі дисциплинасы бойынша Ернар Орынбасар бірінші, Шерхан Әмидолла екінші, Аян Мақан үшінші орын иегері атанды. 

img 6084
Screenshot

«Sport unites» спорттық фестивалінің қорытындысы бойынша жүлдегерлерге кубок, медаль, диплом және ақшалай сертификат табысталды.

Дәулетқали АРУЕВ


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button