Жарнама
Жаңалықтар

«Texol Wellness Atyrau»: Болашақ чемпиондардың ордасы


Бүгін облыс орталығында заманауи талаптарға сай салынатын «Texol Wellness Atyrau» спорттық-сауықтыру кешенінің іргетасына уақыт капсуласы салынды.
Салтанатты рәсімге Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Texol Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абхазава, спорт ардагерлері, танымал спортшылар, жастар және қала тұрғындары қатысты.

209db531 50f9 449c bb42 c6270630d082


Салтанатты рәсімде сөз алған өңір басшысы кешеннің маңыздылығына ерекше тоқталды.

-Біз бүгін жай ғана бір нысанның құрылысын бастап отырған жоқпыз – біз болашаққа сенімді қадам жасап отырмыз. Бұл кешен облыстың ғана емес, бүкіл еліміздің спорттық инфрақұрылымында айрықша орын алатын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асып отырған бұл жоба өңір спортының дамуына серпін береді. Мұнда болашақ чемпиондар өсіп шығады, дені сау, рухы мықты ұрпақ қалыптасады. Біз үшін ең үлкен жетістік – дені сау ұлт, – деді Серік Жамбылұлы.

4f57ecc9 a9e1 485a a1e2 a0f887ffa0c3

Оның айтуынша, аталған спорттық нысан әлеуметтік маңызы бар, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді бастама. Кешенді салуға тікелей бастамашы болған Texol Group компаниясы да бұл жобаның әлеуметтік жауапкершілік аясындағы маңызды қадамы екенін атап өтті. Компания директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абхазава өз сөзінде «Texol Wellness Atyrau – бұл біздің елімізге, халқымызға жасаған шынайы тартуы екенін айтып өтті.

cf9eb56f 9027 496a 8631 88c4a8b8f505

-Біз әрқашан қоғаммен қатар дамуды көздейтін компаниямыз. Бұл кешен денсаулықты нығайту мен белсенді өмір салтын ұстануға арналған орталық болмақ. Аумағы 20 мың шаршы метрге жуық нысанда бір мезгілде жүздеген адам спортпен шұғылдана алады. Жобада халықаралық деңгейдегі теннис корттары, фитнес және йога залдары, балаларға арналған секциялар, спорттық медицина кабинеттері қарастырылған. Біз ең заманауи құрылыс технологияларын пайдаланамыз, сапа мен қауіпсіздік басты назарда. Құрылыстың бірінші кезеңін келесі жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді кәсіпкер.

0b8c818f 7598 4c38 ada5 0d654c6d7947

Ол сондай-ақ бұл жоба жастардың уақытын тиімді өткізуіне, отбасылық демалысты спортпен ұштастыруға, аймақтық және халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Рәсімде сөз сөйлеген Қазақстан спорт ардагерлері одағының Атырау облыстық филиалының төрағасы Болат Қожиев бұл кешеннің жас буын үшін маңызына ерекше тоқталды.

-Мұндай нысандардың қаншалықты қажет екенін жақсы білемін. Бұл – тәртіптің, мақсаттың, еңбектің мектебі. Спорт – тек денсаулық емес, бұл – мінез қалыптастыратын орта. Мұнда өсетін жас ұрпақ жеңіске жетуді үйренеді, қарсыласты құрметтеуді, ерік-жігер мен сабырлылықты меңгереді. Бұл кешен – жаңа чемпиондардың ордасына айналарына сенемін, – деді ол.

372d2577 afb4 442c 9f02 9292b96b399c


Салтанатты шара барысында ең маңызды сәт — уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Оған бүгінгі буынның келешекке арнаған үндеуі мен тілегі салынды. Бұл хат – ондаған жылдардан кейін спорт кешенінде жаттығатын ұрпаққа жолданған рухани сәлем.
Уақыт капсуласын салу рәсімін облыс әкімі Серік Шәпкенов, Texol Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абхазава және Спорт ардагері Болат Қожиев салтанатты түрде орындап, арнайы цементпен бекітті.

bf4b1de5 4f28 4388 a4f1 a92f9adfaa50


Айта кетелік, мемлекет пен бизнес серіктестігі арқылы жүзеге асып жатқан бұл бастама – болашаққа деген сенімді қадам.
Жаңа кешен спортпен кәсіби шұғылданушыларға ғана емес, қарапайым тұрғындарға да қолжетімді болады. Бұл – отбасылардың бос уақытын тиімді өткізетін, салауатты өмір салтын қалыптастыратын жаңа кеңістік.

Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button